Республикалық арнайы мониторинг тобы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болды
1 Мая 2018 (12:28) | 1654 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау өңіріне іс-сапармен келген республикалық арнайы мониторинг тобының мүшелері Н. Баймурзаев, З. Батталова және Агенттіктің мемлекеттік қызмет саласын бақылау департаментінің директоры Р.Тюлебаев пен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердепартаментінің бас консультанты А.Козбагаров өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болды.
Естеріңізге сала кетсек, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істейді. КҚКО-да инсвесторлармен жұмыс атқаратын бөлім іске қосылып, «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламаның төртінші бағыты бойынша мемлекеттік тапсырыстың аясында сервистік қызметтер көрсетіліп келеді.
Кездесу барысында Агенттік пен арнайы мониторинг тобының өкілдері облыста кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының 2017 жылғы жұмысымен танысып, бизнесті қолдауға бағытталған өңірдегі біраз іс-шаралар нәтижесінің куәсі болды.
КҚКО-ның жұмысын таныстыру барысында, Маңғыстау облысы Атамекен ҰКП директоры Н.Қарасаев:
–Өткен жылы КҚКО-да барлығы 22 462 қызмет көрсетілген. Мейілінше көп кәсіпкерлердің жүгінуі (7701) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы келіп түскен. Сондай-ақ, 2963 кәсіпкерлер субъектілерін қамти отырып, 4933 сервистік және консалтингтік қызметтер көрсетілген. Осымен бірге, КҚКО-ның консультанттарымен 4 804,6 млн. теңгеге 357 жобаның жүзеге асырылуына жетекшілік етілді,- деп атап өтті.
Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде, Кәсіпкерлер палатасымен ӨКП алаңында техникалық шарттарды алу жөнінде кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдау бойынша электронды сервис құру жұмыстары атқарылды.
Нәтижесімен, АМТ мүшелері және Агенттіктің қызметкерлері бизнес-қауымдастыққа әкімшілік кедергілерді азайту бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Бұл туралы біздің басылымғаМаңғыстау облысы Атамекен ҰКП баспасөз қызметі хабарлады.
Суреттерді түсірген Маңғыстау облысы Атамекен ҰКП баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему