Елбасы баршаға ортақ әдемі сый жасады
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 12:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Елбасы баршаға ортақ әдемі сый жасады

13 Апреля 2018 (21:54) | 1402 | Автор: Нурганым Имашева

Шұғылалы көктемнің шымылдығы ел азаматтары үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасымен ашылды. Елдің рухын, тұрмысының қажыр-қайратын арттыруға бағытталған мемлекеттік жаңғырудың бір бөлшегін біз өте жылы қабылдадық. Бес бастаманың басты міндеті – әлеуметтік-экономикалық жағдайды көтеру мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту. Әлеуметтік жағдай жақсарса, өзге мәселелер өз ретімен шешіле беретіні айдан анық. Сондай әлеуметтік мәселенің ең үлкені  - қазақстандықтар үшін баспана еді. Енді бұл да өз шешімін тауып, алдағы уақытта әрбір ел азаматы баспаналы болудың оңай әрі тиімді жолына тап болады деп сенеміз.

 

 

Елбасының әлеуметтік-экономикалық бағыттағы бағдарламасы әлемдегі аса қуатты елдердің қатарына қосылуға тағы бір табан жақындата түскендей.

 

Жиренше шешен «өз үйім – кең сарайдай боз үйім» деп, лашығына кеп шалқасынан түсіп жатқанда, аяғы сыртқа шығып кеткен екен дейді. Сол айтпақшы, қандай болса да, әр адамның өз үйі өзіне қымбат. Өкінішке орай, қай қоғамды алсаңыз да баспанаға қол жеткізе алмай, қарыздан қарызға батып, қиналып жүрген жандарды жиі кездестіреміз. Мемлекет басшысы ұсынған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бастамасындағы 7-20-25 бағдарламасы осы олқылықтың орнын толтыратыны сөзсіз.

 

Ғылым мен техниканың қарыштап дамып, шапшаңдықпен алға жылжуы Қазақстанның отыз озық елдің қатарына қосылуына әсте дес бермей келеді. Алайда, әлем елдері бір ғасырда жеткен жетістікті біз ширек ғасырдабағындырып отырмыз. Демек, әлемдік стандарттарға сай өнегелі-өрісті реформалар іске асыру арқылы біз өркениет көшінен қалмасымыз белгілі. Осы орайда әлеуметтік мәселені шешуге қадам басқан бастама халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға,  «ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жүріп, жемтік іздеудің жолын кесуге, ал соттарға баспаналы болам деп қолда барынан айырылған жандардың жүгінуін азайтуға, яғни, азаматтардың алаяқтарға алданбауының алдын алуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

 

 

Бұлай деуіміздің себебі, соңғы жылдары оңай жолмен басапана алып беремін деп, талайды тақырға отырғызып, қолда барын қармаққа іліп жүрген алаяқтарға қатысты соттарда қаралатын қылмыстық  істер саны  артуда. Нақты айтқанда, өткен жылы Ақтау қалалық сотында 45, биыл жыл басынан бері 18 алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қаралды. Оның ішінде 6, 12, тіпті 72 эпизод бойынша талайдың миллиондарын жымқырып кеткен пәтер алаяқтарына қатысты істер де кезедеседі. Бір ғана 72 эпизод бойынша қаралған істе 72 жәбірленуші оңай жолмен пәтерлі боламын деп, бармақтарын тістеп қалған.

 

Сондай-ақ жоғары пайызбен қысқа мерзімге ипотекалық несие алып, оны түрлі тұрмыстық себептерге байланысты төлей алмай жүрген жандар қаншама?! Енді әрбір қазақстандыққа тиімді ипотекалық займ алуға мүмкіндік туады әрі эконо­миканың тұрақты дамуына да оң ықпалын тигізеді.

 

Өз кезегінде, бұл азаматтар мен банк арасындағы келісім шарт бойынша арыз-шағымдардың төмендеуіне, азаматтар мен алаяқтар арасындағы қылмыстық деректерге тұсау салуға жолашады. Жалпы баспанаға қатысты тактикалық бағдарлама барша жанның тұрмыс-тіршілігін түгендеп, алаңсыз өмір сүруіне кепілдік береді.

 

Елбасы әркімнің көкейінде жүрген ең маңызды мәселелерді қамти отырып, баршамызға ортақ әдемі сый жасады.

 

Гүлфайруз КОЙБАҒАРОВА,

Ақтау қалалық сотының судьясы

 

Суреттер Хабар24, Zanmedia.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему