Сот жүйесінің ардагері - 80 жаста
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот жүйесінің ардагері - 80 жаста

30 Июля 2018 (10:15) | 2785 | Автор: Нурганым Имашева

«Қарты бар ел – қазыналы ел» деген сөз бекер айтылмаса керек. Сот жүйесінің ардагері Итемген Орынбайұлы 80-нің сеңгіріне шықты.

 

 

Маңғыстау ауданының мәдениет үйінде «Қазылыққа да қасиет керек атты» Итемген Орынбайұлының танымдық кеші өтті.

 

Салтанатты іс-шараға Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Айтуаров, Маңғыстау облысының судьялары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, аудан тұрғындары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

Жармағанбет Айтуаров сот жүйесінің ардагері Итемген Орынбайұлын мерейлі 80 жасқа толуымен құттықтап, отандық сот жүйесінің беделі үшін еңбек ету жолындағы игілікті ісіне сәттілік тіледі.

 

Құрметті ардагерді мерейтой қарсаңында Маңғыстау облыстық сотының судьялары мен сот төрағалары арнайы құттықтап, ақ тілектерін білдіріп, естелік сый-сыяпат пен ерекше ықыласқа бөледі.

 

Итемген Орынбайұлы сот саласында үздіксіз 35 жыл, соның ішінде алғашқы еңбек жолын Маңғыстау аудандық сотының төрағасы болып бастап, әр жылдары Бейнеу аудандық сотында, Жаңаөзен қалалық сотындағы төрағалық қызметтерін абыроймен атқарған. Бүгінде Итемген Орынбайұлы атына айтылған халықтың алғысы мен ризашылығы мол.

 

 

«Еңбек ету бар, еңбекті бағалау бар» дегендей, Итемген Орынбайұлының сот төрелігін атқару ісіне қосқан қажырлы еңбегі елеусіз қалған жоқ. Омырауына «Еңбек ардагері» медалі тағылып, ауданның «Құрметті азаматы» атағы берілді. Жемісті еңбегінің арқасында тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталып, «Маңғыстау облысының үздік судьясы» атағын иеленді.

 

 

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медалімен, 2008 жылы «Маңғыстау облысына - 35 жыл», «Маңғыстау мұнайына - 50 жыл» естелік төс белгілерімен, «Үш би» құрмет белгісімен, «Әйтеке би» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне - 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему