Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының ұжымы Әз Наурыз мерекесін тойлады
Курс валют в Актау
на 22/03/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
22 Марта, 17:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының ұжымы Әз Наурыз мерекесін тойлады

31 Марта 2018 (19:34) | 4138 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясының ғимаратының алдында киіз үй тігіліп, кең дастархан жайылып, облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциясының қызметкерлерінің қатысуымен 2018 жылғы 30 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесіне арналған іс-шара ұйымдастырылып, өтті.

 

 

Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының басшысының м.а. Жаңабай Нетебайұлы Амантурлыев салтанатты іс-шараны ашып, барлық қатысушыларды Наурыз мейрамымен құттықтады.

 

Мерекелік іс-шараны өсімдіктерді қорғау, өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімімінің бас маманы Динара Қанқожаева және осы бөлімінің жетекші маманы Рахымжан Сулейменов жүргізді.

 

Салтанатты шараның шымылдығы Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі бас маманы Ізтұрған Жамансаринның орындауындағы ән шашуымен ашылды. Инспекция қызметкерлері 3 командаға бөлініп, команда капитандары Ақжарқын Мендигереева, Бибігүл Бердісүгірова, Манас Ешимбетов өз командаларымен таныстырып, ұрандарын айтты. 

 

«Рухани жаңғыру», «Наурыз», «Алтын сақа» командалары би, сұрақ-жауап, қолкүресі, ұлттық дәстүрлерден көрініс көрсету сайыстарына қатысты.

 

 

Бұл сайыстарға қатысқан командалардың өнерлерін 3 адамнан тұратын әділқазылар алқасы бағалады: олар - Түпқараған аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Қошмұрат Серікбаев, Маңғыстау аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Насихат Аманжол, Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі бас маманы Төлепберген Ұзақбаев.

 

Әділқазылар мерекелік іс-шараны қорытындылап, жеңімпаздарды анықтады:

1 орын – Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының «Рухани жаңғыру» командасына бұйырды,

2 орынға – Бейнеу аудандық аумақтық инспекциясының «Наурыз» командасы лайық деп танылды,

3 орынға – Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясының «Алтын сақа» командасы тұрақтады.

 

 

Қосымша номинациялар бойынша мына қызметкерлер жеңімпаздар атанды:

«Үздік ұлттық киім» – Көбейсін Есенкулов, Уразова Мейрамгүл;

«Үздік ұлттық тағам» – Бердисугирова Бибігүл;

«Үздік қол өнер шебері» – Гүлмира Мудебаева.

 

Шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қала, аудандық аумақтық инспекция қызметкерлері өз өнерлерін көрсетті.

 

Бірлігі жарасқан біртұтас ұжым бірауыздан атсалысып, мерекені көтеріңкі көңілмен атап өтіп, бір-біріне деген ыстық ықыластарын танытып, келген Жаңа жылымыз табысты, мерекелі-берекелі болғай деген ізгі тілектерін арнады.

 

Біз де редакция атынан ауызбіршілігі жарасқан ұжымға ел игілігіне арналған еңбектеріне – жеміс, мызғымас мықты денсаулық, отбасыларына – баянды бақыт, молшылық, құт-береке тілейміз.

 

Суреттерді түсірген автор және Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы

01234567891011121314151617181920212223242526272829303132

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
загрузка...