Жыл басынан бері Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй секторларында 9 өрт оқиғасы тіркелді
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 21:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жыл басынан бері Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй секторларында 9 өрт оқиғасы тіркелді

29 Марта 2018 (19:06) | 1928 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақстанда өрттің 68%-ға жуығы тұрғын үйлерден шығады. Ақтау қаласы бойынша алдыңғы жылмен салыстырғанда тұрғын үйдегі өрттер саны арта түсуде.

 

 

Осыған байланысты тұрғын үйлердеөрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында қала тұрғындарына сақтық шараларын сақтап, абай болуды ескертеміз.

 

Жыл басынан бері  Ақтау қаласы бойыншатұрғын үй секторларында  9 өрт  оқиғасы тіркелді. Тұрғын үйлердегі өрт оқиғалары алдыңғы жылмен салыстырғанда 6%-ға өскені байқалады.

 

Осы статистиканың өсуіне негізгі себеп – тұрғындардың салғыттығы немесе көбінесе отты абайсыз қолдану болып саналады.

 

Оларға адамдардың мас күйінде шылым тартуы, балалардың отпен ойнауы, электр құралдарын пайдаланудың техникалық ережелерінің бұзылуы сияқты келеңсіз жағдайлардың әсерінен өртке ұласқан өкінішті жағдайлар жатады.

 

Осыған байланысты Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Көкшетау техникалық институтының курсанттарымен бірге қала тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

 

Тұрғын үй секторында мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтасаңыз Сіздің үйіңіз бен мүлкіңізді оттан қорғайсыз:

- Электр және газ құралдарын қосулы күйде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;

- Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;

-  Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;

-  Электр есептегіштердегі электр сақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;

-  Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;

-  Өрт болған кезде және күдікті иісті сезінсеңіз тез арада телефон арқылы «101-ге»  немесе «112» номерлі телефондарына хабарласыңыз.

 

 Өрт оқиғаларын болдырмау және алдын-алу мақсатында облыс әкімдігінің қаулысы негізінде Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жылына 2 рет өрт қауіпсіздігі айлығын өткізеді. Айлық бойы ТЖБ қызметкерлері халыққа өрт қауіпсіздік шаралары және өрт кезінде қандай іс-әрекет жасау керектігін үйретеді.

 

Халықты қауіпсіздік ережелерін сақтауға үндеу, соның ішінде өрт қауіпсіздігі аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу маңызды болып табылады.

 

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы және Көкшетау техникалық институтының курсанттары азаматтардың өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауын талап етеді, аталмыш ережені сақтай отырып, Сіз өз денсаулығыңызды және өзіңізге жақын адамдарыңызды өрт қаупінен қорғай аласыз.

 

Ақтау қаласының ТЖБ тағылымгері

 Көкшетау техникалық институтының 4-курс курсанты

Сүйер Айдос Кәрімұлы

 

Сурет tumba.kz

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему