Құрметті Маңғыстау облысының тұрғындары!
26 Февраля 2019 (14:26) | 1939 | Автор: Нурганым Имашева
Сіздерге ағымдағы жылдың 28 ақпаны сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін аумақтық департаменттің ғимаратында «Ашық есік күні» өтетіндігін хабарлаймыз.
Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің негізгі бағыттары туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға түсіндірме, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, департаменттің ғимаратына экскурсия ұйымдастырылады.
Іс-шараның мақсаты - агенттіктің аумақтық департаменті мен халық арасында сенімгерлік және серіктестік қатынасты орнату, сондай-ақ азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру және жемқорлық көріністеріне төзбеуге тәрбиелеу болып табылады.
Мекен-жайымыз 31а ш/а, 5 ғимарат;
Байланыс телефондары: 8 (7292) 30-30-39, 8 707 170 1424.
Суретті ұсынған Департаменттің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему