Төтенше жағдай кезінде 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді кімдер қалай алады?
7 Апреля 2020 (08:58) | 3050 | Автор: Нурганым Имашева
42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлеріне төленеді. Ол үшін үйде отырып-ақ Egov.kz порталы арқылы өтініш беруге болады. Бұл туралы Маңғыстау облысы "Қоғамдық коммуникация орталығы" алаңында өткен брифинг барысында МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жайсаңгүл Досполова мәлімдеді.
- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік төлем төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде қызметтің шектеулеріне байланысты табысынан айырылған жағдайда (бұдан әрі – әлеуметтік төлем) келесі санаттар үшін бір ең төменгі жалақы мөлшерінде (42500 теңге) жүзеге асырылады:
- жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне;
- карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын, жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне;
- жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын жеке кәсіпкерлерге;
- жеке практикамен айналысатын адамдарға (жеке адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, медиаторлар);
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – БЖТ төлеушілер);
- азаматтық – құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстар алатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – АҚС шарттары бойынша табыстар алатын тұлғалар);
- жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлеріне төленеді,-деді Жайсаңгүл Досполова.
Оның мәлімдеуінше, Әлеуметтік төлем мына категорияларға тағайындалмайды:
1) БЖТ төлеушілерін қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір ай қатысу өтілі жоқ адамдарға;
2) өтініш берілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір ай қатысу өтілі жоқ БЖТ төлеушілерге;
3) төтенше жағдай енгізілген күнге дейін зейнетақы жүйесінде он екі ай ішінде бірде-бір қатысу өтілі жоқ АҚС шарттары бойынша табыстар алатын тұлғаларға».
-Әлеуметтік төлемді алу үшін әлеуметтік аударымдарды төлеушілер, яғни жұмыс берушілер қызметкерлер туралы мәліметтерді көрсете отырып,белгіленген нысан бойынша аудандық (қалалық) штабтарға өтініш жібереді.
Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысында төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде қызметтің шектеулеріне байланысты табысынан айырылған адамдардың тізбесі айқындалады.
Қорытынды беруден бас тартуды аудандық (қалалық) штаб мынадай жағдайларда шығарады:
1) жалақы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер туралы мәліметтер болмаған жағдайда;
2) егер әлеуметтік аударымдарды төлеуші, яғни жұмыс беруші келесі санатқа жатпаса: шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне, қызметін карантин енгізілген елді мекендерде жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға;
3) егер әлеуметтік аударымдар төлеуші мемлекеттік коммерциялық емес ұйым болып табылса,-деп түсіндірді басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Жайсаңгүл Досполованың айтуынша, «Жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілер және АҚС шарттары бойынша табыстар алатын тұлғалар, сондай – ақ әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қызметкердің өзі берген жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) бөлімшесіне белгіленген нысан бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш береді.
Өтініш келесі тәсілдердің бірімен беріледі:
1) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
2) жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер және АҚС шарттары бойынша табыс алатын тұлғалар, сондай-ақ әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қызметкердің өзі берген жағдайда ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы бере алады.
Бұл ретте өтініште көзделген мәліметтер диалог форматында беріледі;
3) Enbek.kz портал арқылы (42500.enbek.kz сайты);
4) жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, БЖТ төлеушілер және АҚС шарттары бойынша табыс алатын тұлғалар, сондай-ақ әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қызметкердің өзі берген жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау бойынша проактивті форматта қызмет ала алады.
Бұл жағдайда өтініш талап етілмейді».
-Әлеуметтік төлем төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне өтініш берілген күннен бастап бір рет тағайындалады және ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленеді.
Төтенше жағдайдың қолданылуы ұзартылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне ұзартылады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік корпорацияға күн сайын қаржыландыруды жүргізеді.
Әлеуметтік төлемдер күн сайын төтенше жағдай режимі қолданылатын кезеңде жүзеге асырылады.
Қызмет көрсету мерзімі үш жұмыс күнін құрайды.
Қала тұрғындары үшін бірыңғай жиынтық төлем мөлшері – 2 651 теңге, ауыл тұрғындары үшін – 1 325 теңге.
Бүгінгі күні облыста 1 214 өтінім (жұмыс берушілерден 269 өтінім) түсті, оның ішінде толық құжаттармен 906 өтінім және толық құжаттармен 308 өтінім. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына 750 өтінім жіберілді (жұмыс берушілерден 170 өтінім),-деп атап өтті басқарма басшысының міндетін атқарушы Жайсаңгүл Досполова.
Анықтама үшін:
Бірыңғай жиынтық төлемді жүзеге асыру жолдары:
Бірінші – Халық банк, Fortebank, Сбербанк, Jysan bank, Bank Center Credit, Каспи банктің мобильді қосымшаларында және «Қазпошта» бөлімшелерінде мобильді қосымшаларында;
Екінші – SMS – арқылы төлеу. Ол үшін 5505 нөміріне SMS жіберіп, қала тұрғындары үшін «GORODESP ИИН», ал ауыл тұрғындары үшін «SELOESP ИИН» деп көрсету қажет.
Сурет пен видео "Қоғамдық коммуникация орталығынан"
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему