Өрт сөндірушілермен кездесу дабылсыз болсын!
22 Июля 2019 (13:36) | 3249 | Автор: Нурганым Имашева
Жазғы демалыс әрбір бала үшін ең сүйікті уақыттарының бірі болып табылады. Ал әрдайым ең сүйікті өткізу орны ол балаларға білім беру орталықтары болып табылады, бұл жерде тек жаңа достар тауып қана қоймай, шынайы оқиғаға толы демалыс өткізуге де болады. Ал жазды өте қызықты өткізіп қана қоймай, оны қауіп-қатерсіз өткізу үшін балалар өрт сөндірушілерге қонаққа келді. Әрбір осындай сапар – бұл тек өрт сөндірушінің кәсібімен танысу ғана емес, сондай-ақ әрқайсысына жеке қауіпсіздігі үшін қажетті білім алу мүмкіндігін сыйлайтыны сөзсіз.
-Жуырда Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде «Ашық есік күні» өтті. «Zerde» білім беру орталығының балалары өрт сөндірушілерге саяхатқа келді. Өрт сөндірушілерді Кәсіби даярлық мектебінің аға оқытушысы азаматтық қорғау подполковнигі Жанна Нұрбергенова балаларға өрт туралы қалай және қайда хабарлау керектігі, өрт болған жағдайда өзін қалай ұстау керектігі, балалардың отпен ойнауының салдары туралы айтып, сонымен қатар қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салды.
Өрт сөндіру автокөліктеріне жақындап бару қыздар мен ұлдарды мол қуанышқа бөледі, себебі балалар нағыз өрт сөндіру автокөлігінің кабинасына отыруға, өрт-техникалық жабдықтармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Қыздар мен ұлдар қызықты әрі танымдық кездесу үшін өрт сөндірушілерге үлкен рахмет айтты, ал өрт сөндірушілер балаларға тек дабыл бойынша емес, жиі кездесуге тілек білдірді,- деп хабарлайды біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.
Суреттерді түсірген Рукья Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему