Шаруаларға шөп көптік етпейді
19 Марта 2018 (16:58) | 1727 | Автор: Нурганым Имашева
Әйел- о, бастан нәзік болғанымен, «40 шырақты» деп бекер айтпаса керек. Өйткені, бүгінде азаматтардың мойына артылған жұмыстардың шет жағасын атқарып жүрген нәзік жандылар көп.
Солардың бірі – Артық Ізжанова. Таушық ауылындағы «Шөп-2» ЖШС жұмыс жасайды. Төрт түліктің қыстық азығын тауып, шөп-шөңгей дайындайды.
Сонау тоқсаныншы жылдары, тоқырау кезде адамдар кез-келген шаруаны дөңгелетіп, нан табудың қамына кіріскен болатын. Осы тұста нәзік жандылар да белдерін бекем буып, бала-шағасын аш қалдырған емес.
Бірі тиыннан теңге құрап, базар жағаласа, енді бірі - жоқтан бар құрап кәсібін ашқан.
Еңбекке ерте араласып, қара нардың жүгін қайыспай көтергендердің бірі осы - Артық Ізжанова. Кәсіпкердің «Шөп-2» шөп шабумен айналысатын шағын бизнесі бар.
Малдың жағдайын жан-жақты қараған кәсіпкер адамның жағдайын да ұмытпаған. Тұрақты түрде 4 ауылдың азаматын жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпкерді сөзге тартқанымызда: бұл шаруаға жергілікті азаматтардың икемі келмей ме? Әйтеуір қазір бұл жұмысты атқарып отырған шетелдік ағайындар - дейді.
Қазір шаруашылықта Ойсылқара түлігі болғандықтан, көктем мезгілі түйе қорегі сораң шөбінің шабу науқаны басталмақ. Шаруа «Шаш етектен» - дейді кәсіпкер.
Отбасылық кәсіптің тұтқасын ұстаған Артық апайдың жолдасы тракторды тізгіндейді. Кәсіп бастаған кезде жақындарыңның қолдауымен демеушілігінің маңызы зор екенін жеткізді.
Бір кездері шөп жақсы шықса, бір уақыттарда – қуаңшылық болғанын жасармады. Енді бұл кәсіпке балаларын да тартпақшы. Болашақта аймақ басшысының қолдауымен бастау алған «Нұр капитал» жобасы арқылы кәсібін одан әрі дамыту ойында бар.
Осы күнге дейін көрген-түйгенімен бөліскен Артық Ізжанова: «Әрине, оңайлықпен ештеңе жоқ- дейді.
«Десекте, қажырлы еңбек пен ынта болса, қай істің болмасын тетігін табуға болады».
- Қазіргі нарық осы қасиеттерді талап етеді. Осындай алдыңғы буын ағалар кейінгі толқынға ой салар әрекет жасаса, кәсіпкерлік саласы мен елдің экономикалық жағдайы өрлеуіне толық кепіл бар, - дейді біздің басылымға осы мәліметтерді жолдаған Маңғыстау облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметінің мамандары.
Cуреттерді түсірген Маңғыстау облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему