Тіл мәртебесін көтеруге үлес коскан полиция подполковнигі
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 01:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тіл мәртебесін көтеруге үлес коскан полиция подполковнигі

4 Июля 2017 (16:33) | 2377 | Автор: Нурганым Имашева

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары қазақ тілінің өз мәртебесіне ие болып, тәй-тәй басқан сәбидей жаңадан қалыптасу кезеңінде оның мерейін биіктетіп, беделін арттыру жолында аянбай еңбек еткен азаматтарымыз бен азаматшаларымыз аз емес. Солардың бірі - Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде көп жылдар қызмет еткен Тарғынова Музалифа Дүйімбайқызы болатын.

 

 

Әңгімемізге арқау болғалы тұрған кейіпкеріміз - Тарғынова Музалифа 1956 жылы 10 қарашада Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Ақтау қаласындағы №3 орта мектепті бітіреді. Әкесі мен анасынан ел шежірелерін тыңдап өскен жас қыздың мектеп қабырғасында жүрген кезден бастап тілге деген құштарлығы оянып, оны жетік меңгерсем деген арманына ұласады. «Маңғыстау село құрылысы» тресінде бір жылдай еңбек етеді де, арман қуған жас қыз қалаған мамандығын алу үшін Алматы қаласындағы шет тілдері педагогикалық институтына оқуға түседі. Жоғары оқу орнында негізгісі – немісше болса, ал қосымшасы – ағылшын тілі мамандығын алып шығады.

 

1979 жылы Ақтау қаласы №11 орта мектепте шетел тілінің маманы болып жұмысқа орналасады. 1980 жылы комсомол жұмысына ауысып, 1983-1990 жылдар аралығында облыстық «Білім қоғамының» референті қызметін атқарды.1990-1993 жылдары №50 мектепке дейінгі балалар мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс жасады.

 

1993 жылдың мамыр айында Маңғыстау облысының Ішкі істер басқармасына аудармашы болып жұмысқа қабылданды. Әрі қарай аталған басқарманың кадр төлқұжат және виза жұмыстары бөлімдерінде аға инспекторлық қызметіне тағайындалды. 2001 жылдан бастап Ішкі істер басқармасының мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің аға инспекторы лауазымын атқарды. Мемлекеттік тілді дамыту жұмысының негізгі көрсеткіші – құжаттардың қазақ тілінде сапалы дайындалуы.

 

Мемлекеттік тілдің маманы қызметін зейнеткерлікке шыққанша атқарған Музалифа ішкі істер органдарындағы құжат айналымының мемлекеттік тілде жүргізілуіне жоғары талап қоя білді. Басқармадағы ішкі іс-қағаздарының, атап айтқанда, хаттамалар, қызметтік жазба, арыз-шағымдар мен бұйрықтардың мемлекеттік тілде жүргізілуін қадағалап, үнемі мониторинг жасап отырды. Мұзалифаның қажырлы еңбегінің нәтижесінде мекемедегі құжат айналымы жоғары көрсеткішке ие болды.

 

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатарындағы өзге ұлт өкілдеріне арнап қазақ тілін оқытуды ұйымдастырды. Мемлекеттік тіл үйренушілерге қалауынша дәрістер алу үшін жағдай жасап, қазақ тілі кабинетін ашты. Қазақ тілін оқып үйренуде үздік нәтижелерге жеткен қызметкерлер жыл сайын басшылық тарапынан марапатталып отырды. Қаламыздағы «Халықтар достығы» үйімен тығыз байланыста болды. Сонымен қатар, өзге ұлт өкілдері арасында көркем сөз оқудан түрлі сайыстар мен шаралар өткізіп, олардың мемлекеттік тілге деген құрметін оята білді. Департаменттің алғашқы шежірелі «Киелі түбек сақшылары» кітабын жазуға үлкен үлесін қосып, Департаменттің тарихи мұражайын ашуға белсене араласты.

 

Музалифа Тарғынова республикалық деңгейде өткен семинарларда мемлекеттік тілдің дамыту бағытында атқарған жұмыстары туралы баяндама жасап, өңірдегі тілдің деңгейін көтеру барысындағы шаралардың да белсенді ұйытқысы бола білді. Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы бойынша «Мемлекеттік тілді меңгеру міндет!» тақырыбында өткен семинар-кеңесте Музалифа мемлекеттік тілдің заңды мәртебесін арттыру және насихаттау жұмыстарын арттыру мәселелерін атап көрсетті. Сонымен қатар, респуликалық деңгейде Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінде өткізілген «Ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді қолдану мәселелері» тақырыбындағы семинар-кеңесте өзекті мәселелер бойынша тіл мамандары жарыссөз ұйымдастырды. Маңғыстаулық тіл жанашырлары атынан Музалифа да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы жетістіктерін баяндап, кездесетін кедергілер де туралы өз ойын жеткізді.

 

Ішкі істер органдарында қызмет жасаған кезде қарамағындағы қызметкерлерден батылдықты, жауапкершілікті, тез шешім қабылдауды талап ете білді. Осындай қасиеттерді өз бойына дарыта білген және бар күш-жігерін халқы үшін еңбек етуге арнаған Музалифа зейнеткерлікте жүрсе де Департаменттің қоғамдық жұмысына белсенді араласып келеді, сонымен қатар Маңғыстау облысы ішкі істер органдарының Ардагерлер кеңесінің мүшесі.

 

Ана тілінің нағыз жанашыры - Музалифа Дүйімбайқызының ішкі істер органдарында мемлекеттік тілді дамыту жолындағы ерен еңбегі еленіп, «ҚР ІІМ үздік қызметі үшін» кеуде белігісімен, «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан полициясына-15 жыл» медалімен, ІІМ-нің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Сапасы бойынша бірінші дәрежелі маман-тәлімгер мәртебесі бар.

 

Қазақстан полициясының 25 жылдық мерекесіне арналған шараның құрметті қонағы ретінде шақырылып, «Қазақстан полициясына – 25 жыл» медалімен марапатталды.

 

Бүгінде Музалифа бақытты жанұяның – ұйытқысы, аяулы жар, екі ұлдың анасы. Балалары да жоғары білім алып, қызмет етуде. Қазіргі таңда Музалифа бақытты әже ретінде немерелеріне ана тілінің қадір-қасиетін бойына сіңіріп, ұлтының азаматы болуға бағыттайтын тәлім-тәрбие беруде.

 

ІІД Баспасөз қызметінің маманы Нәубет Ардақхан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему