Ақтауда мектептерде жастар арасында әскери қызметті насихаттау мақсатында кездесу өтті
Курс валют в Актау
на 12/03/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
12 Марта, 16:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда мектептерде жастар арасында әскери қызметті насихаттау мақсатында кездесу өтті

12 Марта 2026 (11:28) | 72 | Автор: Редакция

Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-түсіндіру тобы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, жастар арасында әскери қызметті насихаттау мақсатында кездесулер өткізді. Бірінші кездесу Ақтау қаласындағы №19 Толеген Айбергенов атындағы мектеп-лицейі мен IT-лицейде өтті.

Министрлік өкілдері оқушыларға әскери қызметтің артықшылықтары, әскери оқу орындарына түсу тәртібі, болашақ офицерлерге берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы айтты.

Департаменттің тәрбие және идеологиялық жұмыс аға офицері, полковник Дәулет Бейсеков, кездесудің басты мақсаты – жастардың әскери мамандыққа қызығушылығын ояту және патриоттық құндылықтарды қалыптастыру екенін айтты.

-Бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің болашақ қорғаушылары. Біз оларға әскери қызмет ерекшеліктерін түсіндіріп, саналы таңдау жасауға көмектескіміз келеді, - деді Дәулет Бейсеков.

10-сынып оқушысы Ахмет Қарасу өз әсерімен бөлісті.

-Менің ағам Қонаев қаласында қызмет атқаруда. Оған қарап, мен де әскери ұшқыш болуды мақсат еттім. Бүгін мен әскери оқу орнына түсу жолдарын үйрендім, – деді оқушы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему