Маңғыстауда Астана күні тойланды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда Астана күні тойланды

5 Июля 2018 (20:56) | 2126 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

 

 

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төраға м.а. Е.Қарабаев, сот жүйесінің ардагерлері, судьялар корпусы,  сот қызметкерлері қатысты.

 

Кездесуді ашқан  Е.Қарабаев қатысушыларды аталған мерекемен құттықтап, бұл  мереке қазақстандықтар бірлігінің нышаны, Қазақстан Республикасы жетістіктерінің символы екеніне тоқталды.

 

 

Салтанатты жиын судьялармен сот қызметкерлерін марапаттау рәсіміне жалғасты.Маңғыстау облыстық сотының отставкадағы судьясы Мағрипа Оразбаева, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Өмірзақ Садыков, Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің бас маманы Ақмарал Айтенова «Астанаға - 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

 

Сондай-ақ, 6 шілде ‑ Астана күні мемлекеттік мерекесіне орай, сот жүйесінде мінсіз әрі адал қызмет атқарып, сот реформасын жүзеге асыруға қосқан зор үлесі үшінбірқатар судьялар мен сот қызметкерлері облыстық сот төрағасының құрмет грамотасымен және соттар әкімшісі басшсының алғыс хаттарымен марапатталды.

 

 

Ақтау қаласында өткен республика судьяларының ІХ спартакиадасында Маңғыстау облысының командасы шағын футбол мен волейболдан үздік ойын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінгені белгілі.

 

 Аталған спартакиадада топ жарып, өңірдің намысын қорғаған ойыншылар мен ұйымдастырушылар еңбегі де назарға алынып, судьялар мен мамандарға Судьялар Одағының облыстық филиалының «Алғыс хаттары» табысталды.Одан әрі жиын концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему