Қызмет әрдайым сапалы болуы тиіс
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 12:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қызмет әрдайым сапалы болуы тиіс

11 Марта 2018 (13:20) | 1775 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстык балалар аурханасының конференция залында ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету бойынша семинар өтті. Жиынға өңірдегі барлық емдеу мекемелерінің басшылары мен орынбасарлары, аға дәрігерлер мен педиатрлар қатысып, аталмыш тақырып төңірегінде пікір алмасып, ортақ ойларын ортаға салды.           

 

     

Жиында қабылдау бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Арықова бөлімнің атқарған жұмысымен таныстырып, жасалған жұмыстарды саралады. Н. Арықованың айтуынша, 2017 жылы 21 820 бала облыстық балалар ауруханасы дәрігерлердің көмегіне жүгінген, бұл көрсеткіш 2016 жылы 22 104 болатын. Оның ішінде өткен жылы 4913 бала жолдамамен келген болса, 2016 жылы 5148-ті құрапты.

 

-Ал, биыл жыл басынан бері дәрігерлер 1045 балаға көмек көрсетті. Оның ішінде 266-сы жолдамамен келген болса, 241-і ауруханаға жатқызылып ем алды,-деген Нұргүл Арықова балаларға көмек көрсетуде дәрігерлер тарапынан кездесетін қателіктерді жіктеп айтып берді.

 

 Мәселен, дәрігерлердің қателіктерінен амбулаторлы ем алуға мүмкіндігі бар балалардың стационарлы ем алуға жіберілуі тым жиілеп кеткен.

 

Сонымен қатар неонатальды сарғаюы бар балаларды БХҚА нәтижесісіз немесе тіптен тексерместен жіберулер де соңғы кездері орын алып отыр.

 

 

Одан бөлек, 4-5 күн қызулаған және жөтелі бар баланы «Пневмония» диагнозымен толық тексерусіз ауруханаға жіберулер де орын алуда. Сондықтан да дәрігерлерді жұмыстарына немқұрайлы қарамауға шақырып, көрсетілетін қызметтің сапасына көңіл бөлу керектігін айтты.  

 

 Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша дәрігер-статист Жансая Қаржаубаева баяндама жасап, бүгінгі таңда Астана қаласындағы республикалық балаларды оңалту орталығында аймақтың 1326 бүлдіршіні тізімде тұрғанын атап өтті. Оның ішінде қарсы көрсетілген диагнозбен тіркеуге алынған балалар саны - 245.

 

-Ал, «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығында облыстың 739 баласы тізімде тұр. Оның ішінде 1-7 жастағы балалар саны-556 болса,  7 мен 17 жастағы балалар саны-183. Олардың басым көпшілігі дауна, аутизм бойынша есепке алынған балалар,-дейді Жансая Қаржаубаева.

 

 Өз кезегінде облыстық балалар ауруханасы анестезиология мен жансақтау бөлімінің меңгерушісі Қазбек Келеманов науқастарды тасымалдау бойынша жіберілген қателіктер бойынша әңгімелеп, тәжірибесімен бөлісті.

 

 

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему