Балғындар салауатты өмірді таңдайды!
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Балғындар салауатты өмірді таңдайды!

1 Июня 2017 (17:52) | 2715 | Автор: Мира Ботабекова

 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қарақия ауданының Құрық селосында орналасқан Облыстық санаторлық мектеп-интернатта «Мен – елімнің болашағымын» ұранымен мерекелік шара өтті.

 

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен аталмыш мектеп-интернат басшылығымен бірлесе ұйымдастырылған шара, ерте жастағы балалардың денсаулықтарын нығайту мен сақтауда мүдделі тараптардың ақпарат алуын, балалардың өз денсаулықтарына жауаптылығын арттырып, салауатты өмір салтын сақтауға бағытталған.

 

Спорттық шарада мектеп-интернаттың 4-9 сыныптарда оқитын тәрбиеленушілері тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, футбол, көңілді эстафета және тас жолға сурет салудан өзара бақ сынасты. Ойындарға төрелік етуге Ақтау қаласындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары Б. Ұзақбаева, Г. Сахиқызы арнайы барып, балаларды мерекемен құттықтады. Елдің ертеңі – бүгінгі жастың қолында екенін тілге тиек етті.

 

Бұқаралық спорт түрлері бойынша барлық жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталса, қатысушылардың ешқайсысы құр алақан қалған жоқ. Кішкентай батырларға серпін сыйлаған мұндай шаралар Облыстық санаторлық мектеп-интернат қабырғасында түрлі бағытта жыл сайын өткізіліп келеді.

 

Облыстық санаторлық мектеп-интернат – туберкулез дертіне шалдыққан ересектері бар жанұялардың балаларын оқушаулауға, яғни, балғындарға жұқтырмау үшін арнайы ашылған. Мұндағы тәрбиеленушілер - дені сау балалар болып табылады. 2016-2017 оқу жылында мектеп-интернатта 200 оқушы білім алса, биыл 83 түлек қияға қанат қақты. Ал, саноторлық балабақшада 73 балғын тәрбиеленіп, оның 49-ы алғашқы сыныпқа қадам баспақ.

 

Бауыржан Әнуарбек

ОДСБ баспасөз хатшысы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему