Бүгінгі кәсіптік білімің – ертеңгі біліктілік күшің! немесе  Бүгінгі білімің – ертеңгі сенімің!
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 11:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бүгінгі кәсіптік білімің – ертеңгі біліктілік күшің! немесе Бүгінгі білімің – ертеңгі сенімің!

8 Марта 2018 (20:56) | 3084 | Автор: Нурганым Имашева

Үш айдан бері кәсіптік білім алып, біліктілігін арттырып жатқан мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қызметкерлер оқуларын ойдағыдай тәмамдап, жұмыс орындарына жолдама алды.

 

 

Тарқатып айтар болсақ, осыдан үш ай бұрын Ақтау қаласының білім басқармасының арнайы тапсырыс шақыртуымен Астана қаласының "Agzhan" ғылыми-білім беру орталығынан кәсіби педагог мамандары облысымызға келіп, мемлекеттік және жекеменшік балабақшада мамандығы сәйкес келмейтін педагог қызметкерлерді қайта даярлау курсынан өткізіп, семинар жүргізді.

 

Семинарға облыс бойынша 26 (жиырма алты) педагог қызметкерлер қатысты. Семинарға қатысушылар мектепке дейінгі тәрбие және білім беру әдістерін, зерттеу жұмыстарын, технологияларын оқыту, сондай-ақ тәрбиеші маманның кәсіптік құзыреттіліктері жөнінде дәріс алды.

 

 – Өздеріңізге белгілі, 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақтау қаласында мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс жасайтын тәрбиешілерді қайта даярлау курстарынан білім беру жүйесі болып өтті.

 

 

 Білім беру курсының негізгі міндеті - жұмыс орындарында өз мамандығына сәйкес келмейтін  мамандарды қайта даярлау арқылы ары қарай өз жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік беру болып саналады.

 

Яғни, аталған курсты ойдағыдай тәмамдап шыққан жағдайда тәрбиешілер өз жұмыс орындарын сақтап қалады.

 

Куәлікті қолдарына алған тәрбиешілер категориясын көтере алады және санатқа да ұсыныс бере алады. Курстың оқыту мерзімі 3 айға, яғни 432 сағатқа арналған.

 

Семинарға қатысушылар оқу қызметін аяқтағаннан кейін тест тапсырып, қолдарына куәлік беріледі. Бұған қоса «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамытест тапсырғандығын растайтын қосымша сертификат табыстайды.

 

 

Сертификат мерзімі шектеусіз. Яғни мектепке дейінгі тәрбиешілер өз жұмыстарын шектеусіз ары қарай атқара алады, – деді "Agzhan" ғылыми-білім беру орталығының жоғары білікті мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие маманы, оқытушы Анаргүл Ибраимбекова.

 

"Agzhan" ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысын негізге ала отырып жұмыс жасайды.

                                               

Анар ҚАЛЖАН, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Суреттерді  ұсынған  автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему