Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының  облыстық слеті өтті
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 13:27
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

23 Ноября 2018 (16:50) | 4050 | Автор: Нурганым Имашева

Слет ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы аясында «Азаматтық құқық» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілді.

 

 

Алғашқы болып сөз алған агенттіктің аумақтық департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова өңіріміздегі 146 мектепте ашылған 60-мыңға жуық мүшесі бар ерікті мектеп клубтарының мақсаты білім ордаларында аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматтармен патриотизмді қалыптастыру үшін жағдай жасау аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын айтты.

 

-Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының көздейтіні – жас ұрпақты азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметпен, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға және олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу болып табылады, - деді ол.

 

Сөз сөйлегендердің қатарында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Звира Есбергенова және облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева болды.

 

 

Мұнан соң облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында өткен «Есеп беруші мемлекет» тақырыбындағы бейнероликтер және 5-8 сынып оқушылары арасында өткен «Парасыз болашақ» суреттер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

 

Олардың қатарында Ақтау қаласы №13 гимназиясының 5-сынып оқушысы Кенғали Ардана, №11 физика–математикалық мектебінің 8-сынып оқушысы Орамалова Жанель, Сай-Өтес мектебінің оқушысы Білім Атқосшы, Білімов Досымжан, Форт-Шевченко қаласы Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Жүсіп Нұргүл, Бейнеу ауданы Қарақұм орта мектебінің оқушысы Нияз Думан және Нияз Дулат бар.

 

«Парасыз болашақ» суреттер байқауында ІІІ-орын алған Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Темірхан Мадина, II–орын алған №28 орта мектебінің 5–сынып оқушысы Киікбай Ақтәжі және I–орын алған Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы Нығмет Альфия департамент басшысынының дипломымен және «Abdi» сауда белгісінің 3000, 5000 және 7000 теңгелік сертификатымен марапатталады.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жобасы аясында ұйымдастырылған «Үздік бейнеролик» байқауына қатысып, І-орын алған Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко мектеп-интернатының оқушысы Айбек Құтжанов, ІІ–орынға ие болған Мұнайлы ауданының №10 орта мектебі, Жаңаөзен қаласының №11 орта мектебі, ал ІІІ – орынға шыққан Мұнайлы ауданының №3 мектебі, Мұнайлы ауданының №12 мектебі, Жаңаөзен қаласының №19 мектебі Департамент басшысының дипломымен және «Abdi» сауда белгісінің 2000, 3000 және 5000 теңгелік сертификатына ие болды.

 

«Ашық және есеп беруші мемлекет» байқауына белсенді қатысқан мектептерде марапаттан тыс қалмады. Олар - Жаңаөзен қаласының №2мектебі, Мұнайлы ауданының №7 мектебі, Ақтау қаласының № 9 жалпы білім беру орта мектебі», Жаңаөзен қаласының №9 мектебі, Жаңаөзен қаласының №23 мектебі, Ақтау қаласының № 28 жалпы білім беру орта мектебі», Жаңаөзен қаласының №1 мектебі, Ақтау қаласының IT лицейі, Қарақия ауданының №4 мектебі, Қарақия ауданының №10 мектебі Департамент басшысының алғыс хаттарымен марапатталады.

 

 

Шара кезінде Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Толқынхан Екпін «Елім менің» әнін орындаса, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп

 

клубтарының оқушылары да өз өнерлерін паш етті. Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Фарида Амангелдіқызы әннен шашу шашты.

 

Байқау жеңімпаздары марапатталған соң, шараға қатысушылар Маңғыстау облыстық өлкетану мұражайымен танысып, «Парасыз болашақ» суреттер байқауына келіп түскен балалардың қиялынан туындаған шығармалардың көрмесін тамашалады.

 

Бұл туралы біздің басылымға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему