Маңғыстау облыстық мәслихатының сессиясында жастар саясаты мәселелері қаралды
1 Марта 2018 (17:27) | 1623 | Автор: Нурганым Имашева
Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Маңғыстау облыстық мәслихатының 6-шақырылымы өтті.
Жиында елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне жастарды тарту саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар, Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы, Маңғыстау облысының жасыл аймақтарын ұстау және қорғау ережесі жөнінде, Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендерін жақсарту ережелерін бекіту және облыстық мәслихаттың жетінші сессиясының төрағасын сайлау мәселелері қаралды.
Дмитрий Александрович Клинчев облыстық мәслихаттың № 3 сайлау округінің депутаттарының XVII сессиясының төрағасы етіп сайланды.
«Жастарды еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы» облыстың жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов баяндама жасады.
-Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси-қоғамдық дамуына жастардың белсенділігін көтеру мақсатында облысымызда 8 жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді (1-облыстық, 2-қалалық және 5-аудандық). 2017 жылдың қорытындысы бойынша жастар ресурстық орталықтары арқылы 2 855 жасқа консультациялық көмек көрсетілді.
Жастар жұмыссыздығын алдын алу мақсатында былтырғы жылы жүйелі жұмыстар атқарылып, нәтижесінде жастар жұмыссыздығының деңгейі 5,0 %-дан 3,5 %-ға төмендеген.
«Жастар практикасы» жобасы бойынша уақытша жұмыс орындарына 1401 жас орналасты, 2079 жас қоғамдық жұмыстарға жолданды. 2017 жылы облыс аумағында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысын жүргізу мақсатында 1175 жас жұмысқа тартылды,- деп мәлімдеді аймақтың жастар көшбасшысы Бауыржан Тұяқов.
Жиын барысында сөз сөйлеген облыс әкімі Ералы Тоғжанов Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы Жарлығына сәйкес, 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні атап өтілетіні туралы айта келе, облыстық мәслихат депутаттарына ел игілігі үшін атқарған жұмыстарына алғыс айтты:
-Жастарды оқытатын бағдарламаның көп болғаны жақсы, бірақ олар нәтижелі болуы керек.
Маман атанған әрбір жасты жұмыспен қамту шараларын күшейту қажет. Жастарды қоғамдық жұмыстарға, ауылшаруашылық саласына тарту – басты мақсат. Оған ниет білдіріп жатырған азаматтар да аз емес.
Сондай-ақ, дін, ажырасу мәселелері де назардан тыс қалмайды. Маңғыстаудың салт-дәстүрлері мықты ғой, соны жастардың бойына сіңіру үшін, қайта жаңғырту үшін жоспарлы жұмыс істеу керек,- деді аймақ басшысы.
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Суретті түсірген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему