Маңғыстаулық жас ақын республикалық айтыста топ жарды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 05:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық жас ақын республикалық айтыста топ жарды

27 Февраля 2018 (18:07) | 3504 | Автор: Нурганым Имашева

Ақпанның 23-24 күндері Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында «Жыр алыбы  - Жамбыл» атты Республикалық жас ақындар айтысы өтті.

 

 

Жыр додасына Маңғыстаудан облыстық кезеңнен үздік шыққан 2 жас ақын қатысты. Олардың екеуі де жыр жарысынан құралақан қайтқан жоқ.

 

Бүгін 27 ақпанда «Маңғыстау» темір жол бекетінде Алматыдан оралған жас айтыскерлерді ұстазы «Жыр-жебе» ақындар мектебінің директоры Мусаев Фархад, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының мамандары және еріктілер корпусының жастары салтанатты түрде қарсы алды. Республикалық додада аймақтың абыройын қорғаған жас сөз шеберлеріне құрмет көрсетілді.

 

Батыс аймақтағы бірден-бір жас шайырлардың тәрбие ордасы - Маңғыстау облысындағы «Жыр-жебе» ақындар мектебінің директоры Мусаев Фархад Әбуғалиұлы шәкірттерді тәрбиелеуде.

 

Аталмыш мектептің тәрбиеленушілері -  облыстық кезеңнен үздік шыққан 2 оқушы Республикалық байқауға жолдама алды.

 

 

«Жыр-жебе» ақындар мектебінің директоры Фархад Мусаевтың айтуынша, «Республикалық кезеңге 17 жасқа дейінгі 27 жас ақын - мектеп оқушылары қатысты.

 

 Ақтау қаласының №20 Мұхтар Әуезов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сардар Ердаулет ынталандыру сыйлығын иеленді. Жыл сайын жоғары деңгейде өткізілетін дәстүрлі айтыста 27 ақыннан 6-уы іріктеліп, солардың арасынан шәкіртім Қанжарұлы Мәдиасқар 3-орынды жеңіп алды.

 

Айтысты тамашалауға келген көрермендердің қарасы өте көп болды.

 

Әділқазылар алқасына Бұлғақов Айтақын Мұхамедиұлы төрағалық етті. Қазылар құрамында: Дәулетбек Байтұрсынұлы – ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Илхам» сыйлығының лауреаты,  Нұршеков Ерғазы Манапұлы - «Ерназар» педагогикалық журналының бас редакторы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын, Қожағұлов Сайлау Қажыбекұлы  - ақын, «Ілияс Жансүгіров» атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымының кандитаты және Бұлғақов Айтақын Мұхамедиұлы - «Алатау» газетінің бас редакторы, Халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы, Моңғолия демократиялық партиясының қазақ жастарының көшбасшысы, Алтын медальдің иегері».

 

 

Жас ақындардың ұстазы Фархад Әбуғалиұлы:

-Біздің балалар айтыста жақсы өнер көрсетті. Жүлделі орыннан дәмеленіп бардық. Қазақстанның 14 облысынан келген 27 ақынның ішінен топ жарған 6 ақынның арасынан суырылып шығып, жеңіске жеткен шәкіртім Қанжарұлы Мәдиасқар ІІІ-орынды жеңіп алғанына қуаныштымын. Шәкіртім былтыр «Жас ақын» деген номинация бойынша жеңімпаз атанған болатын.

 

Әділқазылар алқасына төрағалық еткен Халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпазы, белгілі ақын Айтақын Бұлғақов біздің жас ақындарымызға жақсы баға берді, - деген пікірімен бөлісті.

 

 

Ақшұқыр мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Қанжарұлы Мадиасқар:

-2018 жылдың 22-24 ақпан аралығында өткен «Жырау еді Жамбыл» атты республикалық оқушылар айтысына қатысып, үшінші жүлделі орынмен оралып келдім.

 

Жалпы, айтыс жоғары деңгейде өтті. Айтыс үш айналымда болды. Бірінші айналымда Бекжан деген айтыскер ақын жігітпен шығып жоғары балл жинағанымның арқасында екінші айналымға өтіп, кейін екінші айналымда Қызылорданың жүйрегімен шықтым.

 

Ал, үшінші айналымда Райымбек деген ақынмен айтысқа шықтым. Бұйырғаны - осы жүлделі үшінші орын болды.

 

Өзім осы «Жыр-Жебе» мектебіне қатысып жүргеніме үш жыл болды. Осы уақыт аралығында түрлі республикалық байқаулардан жүлделі орындармен оралып жүрмін, бірақ болашақта бұдан да биік шыңдарды бағындырамын деген ойдамын.

 

Суреттерді түсірген Фархад Мұсаев және Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему