Департамент құзыреттілігі жұртшылық назарына
Курс валют в Актау
на 30/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
30 Апреля, 00:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Департамент құзыреттілігі жұртшылық назарына

18 Октября 2022 (19:02) | 1566 | Автор: Редакция

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратындығы мәлім.

Бұл ретте, аумақтық департамент әрдайым жүргізіліп жатқан профилкатикалық шаралар барысында өз құзыреті шегінде қаралатын мәселелерді жұртшылық назарына беріп отырады.

Дегенмен, жеке және заңды тұлғалар аумақтық департамент құзыретіне жатпайтын өтініштермен жиі жүгініп, соның салдарынан кейбір өтініштер өз құзыреті шегінде қарау үшін өзге мемлекетік мекемелерге жолдауға тура келіп жатады.  

Статистикалық мәліметке көз жүгіртсек, 2021 жылы аумақтық департаментке жеке және заңды тұлғалардан 188 өтініш түссе оның ішінде 91 басқа мемлекеттік органдардың қарауына,ал, 2022 жылдың 6 айында 103 өтініш түссе оның ішінде 48 басқа мемлекеттік органдардың қарауына жолданған болатын.

Соның ішінде, өтініштерде салық, мемлекеттік сатып алу, ветеринария, жер, құрылыс, білім т.б. салаларға қатысты және құқыққорғау органдары мен квазимемлекеттік секторлардың қызметкерлеріне, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы болып табылмайтын тұлғалардан келген өтініштерге қатысты болып табылады.     

         Сондықтан, жеке және заңды тұлғалардың назарына мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтамау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қатысты өтініштермен аумақтық департаментке жүгіну қажеттігін түсіндіреміз.

         Бұдан басқа, әрбір мемлекеттік органдардың тікелей қызметіне қатысты туындайтын даулар, наразылықтар олардың жоғарғы тұрған органдарымен қаралатындығын ескерген жөн.

 

 

Жұмағұлов Тоқтамыс Қадошұлы

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің

Маңғыстау  облысы бойынша  департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему