Маңғыстауда былтыр сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар бойынша ең көбі тәртіп сақшылары жазаланған
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 00:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда былтыр сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар бойынша ең көбі тәртіп сақшылары жазаланған

28 Февраля 2017 (10:47) | 1583 | Автор: Нурганым Имашева

 

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты 2016 жылдың 12 айында аудандық және оған теңестірілген соттарда 43 тұлғаға қатысты 26 іс қаралған (2015 жылы – 39 тұлғаға қатысты 30 іс аяқталған).

Бұл туралы 2016 жылғы аймақ соттарының жұмысының қорытындысына арналған баспасөз мәжілісінде Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев мәлімдеді.

-Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша айыппұл жазасына кесілген тұлғалардан 139 млн теңге көлеміндегі айыппұл сомасы өндірілді. Жемқорлыққа қатысты қылмыстар бойынша айыпталғандар қатарында қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айып тағылғандардың көп бөлігін ішкі істер департаментінің қызметкерлерінің саны құрайды және қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшыларына қатысты осындай айып тағылды, - деді Ержан Өсерханұлы.

Маңғыстау облысы соттарында былтыр 1451 адам сотты болған.         Осы барлық сотталғандар ішінде 161 746 157 тенге мөлшерінде 379 адамға айыппұл түрінде жаза тағайындалған. 2016 жылдың 30 желтоқсанға дейінгі дерекке сай, жалпы тағайындалған айыппұл жазасының 115 094 770 теңгесі орындалған, оның 112 500 715 теңгесі сотталушылардың өз еркімен, 2 594 055 теңгесі мәжбүрлеп өндірілген.

Облыс соттарында онша ауыр емес қылмыстар бойынша 162 тұлға сотталған болса, оның 10 тұлғасына қатысты айыппұл түріндегі жаза қолданылған.

Ауырлығы орташа қылмыстар бойынша сотталған 263 тұлғаның 17-не айыппұл салынған.

Ауыр қылмыстар бойынша сотталған 427 тұлғаның 11-не айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

Теріс қылықтар бойынша сотталған 537 тұлғаның 345-не айыппұл төлеу жазасы қолданылған.

Жеке айыптау істер бойынша сотталған 77 тұлғаның 54-не айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

Облыс соттарында тағайындалған айыппұл жазасының ең жоғарғы мөлшері 18 000 000 теңге. Атап өтетін болсақ, Ақтау қалалық сотының 11.07.2016 жылғы үкімімен Айткул Избасарович Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 366 бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, жеке меншігі болып табылатын барлық мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналысу құқынан айыра отырып, параның 60 /алпыс/ еселенген сомасы мөлшерінде 18 000 000 /он сегіз миллион/ теңге айыппұл жазасы тағайындалған.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему