Маңғыстауда экологиялық ахуал тұрақты
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 15:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда экологиялық ахуал тұрақты

6 Февраля 2018 (20:17) | 2327 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау өңірінде экологиялық ахуал тұрақты. Қоршаған ортаны қорғау бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылған. Ал өңірдегі ең өзекті экологиялық проблеманың бірі -көп жылдар бойы айтылып келе жатқан «Қошқар – ата» қалдық қоймасы.

 

 

 Оның маңындағы экологиялық жағдайды тұрақтандыру жұмыстары биыл да жалғасын табады. Ол үшін 2018 жылға республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге қарастырылған.

 

Бұл туралы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Есенқос Әділбаев мәлімдеді.

 

Айта кету керек, аталмыш басқарманың жұмыс жоспарында негізгі 5 міндет қарастырылған. Атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясат, мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясат, су қорын пайдалану мен  қорғау  саласындағы  мемлекеттік  саясат, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.  

 

Өткен жылы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 1556 – мемлекеттік қызмет көрсетілген. II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға 423 рұқсат және 464 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары, сонымен қатар жануарлар дүниесін пайдалануға 170 рұқсат қағазы беріліпті.   

 

 

Ал аймақтағы ең өзекті экологиялық мәселенің бірі «Қошқар-Ата» қалдық қоймасы екендігі беглілі. Айта кету керек, мұнда Каспий аймақтық тау-кен металлургия комбинатының үш зауытынан барлығы 105 млн. тоннадан астам қалдықтары жиналған жиынтық белсендігі 11,2 мың кюри 51,8 млн. тонна әлсіз радиоактивтік қалдық бар.

 

 Осыған орай қалдық қоймасын қалпына келтірудің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, Мұнайлы аудандық сотының шешіміне сәйкес, қалдық қоймасында орналасқан иесіз қауіпті қалдықтар республикалық меншікке берілген.  

 

-Жасанды көлдің сұйық фазасын тұрақтандыру мақсатында Ақтау қаласындағы кәріздік тазарту имаратынан (КОС-1) жыл сайын тазаланған 8,4  млн. м3 су құйылады. Бүгінгі таңда қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді бастау үшін республикалық бюджеттен 2018-жылға 2000,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінеді деп күтілуде, - дейді Есенқос Әділбаев. 

 

Басқұдық ауылының санитарлық-гигиеналық, экологиялық жағдайын және микроклиматтын тұрақтандыру үшін «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының оңтүстікбатыс бөлігінде жалпы аумағы 8,2 га тәжірибелік жасыл қорғаныш аймағы, сондай-ақ, осыған ұқсас ауданы 30 гектар жасыл қорғаныш аймағын құру жұмыстары жүргізілуде.

 

Сонымен қатар, қосымша облыс әкімінің тапсырмасымен ауданы 30 гектарды құрайтын келесі жасыл қорғаныш аймағын құру жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жүргізілуде.  

 

 

Шөлейттенуге қарсы атқарылған жұмыстар төңірегінде әңгіме қозғаған Есенқос Әділбаев, өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап өңіріміздің қарқынды игерілуі қоршаған ортаға түсетін антропогендік фактордың салмағын еселей түскенін айтады. Биологиялық алуан-түрліліктің кемуі соның бір көрінісі.

 

Облысымыздың ірі құм массивтерінің жер асты су көздерінің игерілуі, құм массивтерінің қысы-жазы жайылым ретінде пайдаланылуы және де жергілікті тұрғындардың орман ресурстарын отын ретінде пайдалануы құм сілімдерінің көшуіне әкелді.

 

Мұндай жағдай Қарақия ауданындағы «Түйесу», Маңғыстау ауданындағы «Бостанқұм» және «Қызылқұм» құм массивтерінде көрініс алды. Аталған құм массивтерінің іргесінде орналасқан Сенек, Ұштаған, Тұщықұдық және Шебір ауылдарының тұрғындары табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылуының салдарларының куәсі болды.

 

Аймақта қоршаған ортаны қорғау бағытындағы тағы бір өзекті мәселе, көшпелі құмдардан қорғау жұмыстарына қатысты. Елді мекендерді көшпелі құмдардан қорғау жұмыстары алдымен «Түйесу» құм массивінде, яғни Сенек ауылында 2004 жылы басталған, оны 2008 жылға дейін Алматы қаласының география институты атқарған. Нәтижесінде аумақтағы 440 гектар жердегі құм қозғалысы тоқтатылған. 2009-2013 жылдары аумақта 300 гектар құм тоқтату іс шараларын іске асыру жұмыстары жалғасын тапты. «Бостанқұм» құм сілемінде, яғни Ұштаған ауылында 2007-2010 жылдар аралығында ауқымды құм тоқтату шаралары іске асырылды.

 

Нәтижесінде тұрғылықты жер маңайындағы 530 гектар аумақтық құм массиві тұрақтанды. 2011-2013 жылдар аралығында 300 гектар аумақтың құм тоқтату іс шаралары іске асырылды. 2011 жылдың аяғында Қызылқұмда, яғни Тұщықұдық ауылында құм тоқтату жобасы басталған. Жоба 640 гектар жер аумағын қамтиды. 2016 жылы құм тоқтату жұмыстары Маңғыстау ауданының Шебір ауылында басталып, әлі де жалғасын табуда.

-Біздің басқарманың тапсырысымен 2004 жылдан бастап Сенек, 2007 жылдан Ұштаған, 2012 жылдан Тұщықұдық және 2016 жылдан бастап Шебір ауылын көшпелі құмнан қорғау жұмыстары жүргізілуде. Бұл уақыт арасында 3035 гектар аумақты алып жатқан территория қоршалып, фитомелиорациямеханикалық жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде қоршалған аумақтың өсімдік жамылғысы толықтай қалпына келді деп қорытындылауға болады.  Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - дейді Есенқос Әділбаев. 

 

Су ресурстарын қорғау жұмыстары да назардан тыс қалған емес. Мәселен, Каспий теңізінің Песчаный мүйісінде қайырда тұрып қалған «Аракс» кемесінің құрамында мұнай бар заттармен ластанған қалдықтардан тазарту үшін өткен жылы 14 тамызда облыс әкімі Ералы Тоғжановтың № 192 қаулысының негізінде жергілікті атқарушы органның резервтік қорынан 39 200 000 теңге қаралып, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бөлінген.

 

 2017 жылы 3 қазанда басталған тазалау жұмыстары барысында 480 м3 мұнай бар заттармен ластанған қалдықтардан тазартылған. Бүгінгі таңда ауа райының қолайсыздығына байланысты атқарылмай қалған тазарту жұмыстары 2018 жылғы көктемде жалғаспақ.

 

Сондай-ақ, жыл сайын Экологиялық зерттеу зертханасы Маңғыстау облысының теңіз портының және де мұнай кен орындарының Каспий теңізінің жағалауларына техногенді әсерлерін кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Аталмыш зертхана Гидробиология бөлімімен бірлесіп, Каспий теңізінің гидрофлора және гидрофауна жағдайын зерттеуді қолға алған. Оның қорытынды есебі экология департаменті, геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы және де мамандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына анықталған экологиялық бұзушылықтарды жоюға шара қолдануға жіберілмек.  

 

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының прокуратурасының бастамасымен облыста «Таза аймақ!» жобасы жүргізіліп, елді-мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау бойынша сенбіліктер ұйымдастырылған.

 

Экологиялық білім және ағарту бойынша да бірқатар шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, «Табиғатпен үндес мектеп», «Табиғатпен үндес балабақша», «Жасыл аула», «Қоршаған ортаны қорғау тақырыбының үздік жарияланымы» сияқты байқаулар ұйымдастырылған.

 

Бүгінгі күні барлық қалалар мен аудан орталықтарында және Жетібай ауылында тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны бар. Өткен жылы облыстың ірі елді-мекендерінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Манғыстау ауданының Шайыр, Тұщықұдық, Жыңғылды ауылдарының, Қарақия ауданына қарасты Болашақ, Мұнайшы ауылдарының, Бейнеу ауданының Боранқұл ауылы және Түпқарған ауданы Қызылөзен ауылында тұрмыстық қатты қалдықтарын көму полигондарының құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелері жасақталған.

 

 Түпқараған ауданы  Ақшұқыр селосындағы қатты тұрмыс қалдықтарын көму полигоны орналасатын жер ретінде Ақтау-Форт-Шевченко автокөлік жолының 53,5 шақырым тұсынан белгіленді және полигон құрылысының жобалық-сметалық қорытындысы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

 

Дайындаған Кәмшат Ізбасарова,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Суретті түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему