Маңғыстауда жыл басында ипотекалық кредит бойынша  берешек 48,5 млрд теңгені құрады
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 04:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда жыл басында ипотекалық кредит бойынша берешек 48,5 млрд теңгені құрады

5 Февраля 2018 (11:44) | 1354 | Автор: Нурганым Имашева

Өткен аптаның жұмасында «ҚР Ұлттық Банкінің» РММ Маңғыстау филиалы жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясын ұйымдастырды.

 

 

Мәжілісте Ұлттық Банктің МОФ басшылығы журналистер қауымына аймақтың қаржы саласындағы өткен жылдың қорытындысына шолу жасады. Басқосуға келген тілшілерге ҰБ МОФ директоры Әкімжанов Мұрат Бостанұлы Елбасы Жолдауының алтыншы міндетінің жүзеге асырылуы туралы баяндады.

 

 

-Біріншіден, үстіміздегі жылдың  10 қаңтарында  Қазақстан халқына арнаған  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында  Н.Назарбаев  банктік портфельдерді  «нашар» несиелерден арылту ісін  аяқтау қажеттігін атап айтты. Бұл орайда Ұлттық Банк,  банк секторын сауықтыру және активтердің сапасын арттыру бойынша жұмысты бастап кетті.

 

 2017 жылы банк секторының орнықтылығын арттыру бағдарламасы басталды.Казкоммерцбанк балансы БТА Банк қарыздарынан тазартылды, қосымша провизиялардың қажетті деңгейі қалыптастырылды. Банктерді проактивті қадағалаудың халықаралық принципі жүзеге асырылады, бүгінде Ұлттық Банктің  мандатын күшейту бойынша заңды өзгерістер енгізуге әзірлік аяқталуда. Бұл Ұлттық Банкке  банктердің қаржылық тұрақсыздығына қатысты кідіртпей тиісті  шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

 

Екіншіден, Ұлттық Банк Елбасының Қазақстан халқына жолдауы аясында көрсетілген, халықтың валюталық ипотекалық займдары туралы мәселені түпкілікті шешу механизмдарын пысықтауды бастап кетті,-деп мәлімдеді банк басшысы.

 

Филиал директорының айтуынша, «Облыс бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына ипотекалық кредит бойынша  берешек өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10,9% көбейіп, 48,5 млрд теңгені құрады. 2017 жылы ипотекалық кредит көлемі де 29,6 %-ға  өскен және 15,4 млрд теңгені көрсетті.

 

2017 жылы өтініштері ипотекалық займды/ тұрғын үй ипотекалық займын қайта қаржыландыру Бағдарламасы бойынша  кері қайтарылған заем иелерінің арыздарын қарау бойынша Маңғыстау облыстық комиссияның 9 отырысы өтті. 58 арыз қаралды. Оның 37-сі бойынша екінші деңгейдегі банктерге аталған Бағдарлама бойынша займды қайта қаржыландыруды ұсынуға шешім қабылданды.

 

Ұлттық Банк  тұтынушылардың қаржылық қызметтегі құқықтарын қорғау, оның ішінде ваюталық ипотекалық заем бойынша  заңдарды жетілдіруді тұрақты жүргізуде. 2016 жылы ипотекалық заемшылар үшін валюталық тәуекелді алып тастау туралы өзгеріс енгізді. Сонымен қатар, қолданыстағы валюталық заемшілер үшін валюта курсының өзгеру тәуекелі сақталуда, бұл әрине, олардың борышқорлық жүктемелеріне өз әсерін тигізеді.

 

Осыған байланысты  Ұлттық Банк  валюталық  ипотекалық  займдарға қатысты, оның ішінде халықтың әлеуметтік әлсіз  тобына жататындардың мәселесін шешуге бағытталған әлеуметтік-бағдарлық  іс-шараларын жалғастырады».

 

ҚР Ұлттық Банк аймақтық филиалы директоры М.Әкімжановтың мәлімдеуінше, «Елбасы Ұлттық Банк пен Үкіметке экономика салаларындағы нақты тиімділікті есепке алатын ставкалармен бизнеске ұзақ мерзімді несиелендіруді қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп шешуді тапсырды.Ұлттық Банк құзыреті шегінде бірлескен жұмыстар жүргізіледі.

 

Сонымен қатар, облыста шағын және орта  бизнесті қолдау  барысында, қазіргі бар жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу,  ел экономикасының шикізаттық емес секторында аймақтық кәсіпкерліктің  тиянақты өсуін қамтамасыз етуді мақсатеткен, «Бизнестің жол картасы 2020 » бизнесті дамыту Бағдарламасы жүзеге асырылуда».

 

Суретті түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему