Маңғыстауда судьялар мен сот қызметкерлері білім алаңында сайысты
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 18:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда судьялар мен сот қызметкерлері білім алаңында сайысты

25 Июня 2018 (09:09) | 1863 | Автор: Нурганым Имашева

-Маңғыстау облыстық сотында «Рухани жаңғыру ‑ мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстелдің» қарарын іске асыру мақсатында жас судьялар мен сот қызметкерлерінің арасында«Білгір»  тарихи-танымдық зияткерлік конкурсы өтті,-деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі7

 

 

Іс-шараға облыстық соттың судьялары, сот қызметкерлері қатысты.

 

Аталған конкурсты өткізудегі мақсат - ұлттық құндылықтарды жаңғырту, ұлттық кодты және дәстүрлі мәдениетімізді сақтау, рухани-мәдени білімді арттыру, қазақтың билер сотының дәстүріне сәйкес  сот төрелігін әділ жүргізуге баулу,  мемлекеттік тілді жетік меңгеру және тіл мәдениетін арттыру.  

 

 

Топ жарып, шаршы алаңда білім бәсекесіне келген байқауға  2 жас судья,  1 судьялыққа үміткер  және 5 сот қызметкері қатысты.

 

Тарихи-танымдық зияткерлік конкурсына  қатысушылар  «Туған өлкем - тарихым», «Билердің сөзі – ақылдың көзі», «Рухани жаңғыру»  кезеңдері бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде үміткерлер  3 минуттан аспайтын уақыт ішінде өзін, өзінің туған елі мен жерінің тарихын таныстырса, екінші кезеңде атақты би-шешендерің, ақын, жыраулардың сөзін жалғастыру арқылы олардың білімдері сынға түсті.  Ал «Рухани жаңғыру»  кезеңінде қатысушылар  еліміздің тарихы, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттер және еліміздің белгілі тұлғалары, қасиетті жерлері туралы танымдық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

 

 

«Білгір»  тарихи-танымдық зияткерлік сайысының қорытындысы бойынша 1-орынды Маңғыстау облысының мамандандырылған экономикалық сотының бас маманы Г.Қойланова қанжығасына байлап, республикалық кезеңге жолдама алады. Ал 2-орынды Ақтау қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының бас маманы Қ.Айдарова иеленсе, 3-орынды Маңғыстау облыстық сотының талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Ж.Досмуханбетов жеңіп алды.

 

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему