Ақтауда сайлау әділ әрі ашық түрде өтуде
9 Июня 2019 (19:34) | 1937 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы облыс орталығындағы №66 сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылаушы қызметін атқарып отырған азаматтар мәлімдеді.
Аталған сайлау учаскесіне Ақтаудың жаңа №16 және №17 шағынаудандарының тұрғындары өз таңдауын жасауға келуде. Таңертеңнен бері сайлау учаскесіне ағылып келіп жатқан сайлаушылардың қарасы өте көп. Тұрғындар белсенділік танытуда. Көпшілігі отбасымен түгел келіп, кішкентай балаларын да өздерімен бірге ала келген жас ата-аналар өз бюллетеньдерін кабинаға кіріп, белгілеп шыққан соң, бүлдіршіндерінің қолына беріп, урнаға салуға қатыстыруда. Сөйтіп, өз таңдауын жасау арқылы, жанындағы сәбилерін де қоғамда белсенді болып, болашақты таңдауда өз азаматтық көзқарасын ашық білдірудің маңызын перзенттеріне сәби шағынан бастап ұғындырғысы келетіндей.
Биылғы сайлауға қала тұрғындары ерекше көңіл- күймен келіп, болашаққа деген үлкен үмітпен қарайтындықтарын, алдағы өмірлерінің жаңаша бағытта, өзгерістерге толы күйде болуын қалайтындарын білдірді. Біз пікірін білуге тырысқан бірнеше ақтаулық сайлаушы осы туралы айтты.
Халықтың белсенділігі байқалып отырған сайлаудың әділ, ашық, заңды түрде ұйымдастырылып, өткізілуін тәуелсіз бақылаушылар да бақылауда. Олар да сайлау процессін жіті бақылап, оның әділ де ашық болуын, заңдылықтың сақталуын қадағалауда.
Өздері көзімен көріп отырған сайлау учаскесіндегі көрініс туралы пікірімен де бөлісті. Сайлаушылар да өздері туралы мәлімет тізімнен табылған соң, өздерінің таңдаған үміткеріне дауысын беріп, әрқайсысы өз азаматтық көзқарасын білдіріп, елінің ертеңі жарқын болуына үлестерін қосуда.
Суреттер мен видео автордыкі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему