«ҚР Ұлттық Банкінің» Маңғыстау филиалы 2017 жылдың қорытындысын жариялады
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 23:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«ҚР Ұлттық Банкінің» Маңғыстау филиалы 2017 жылдың қорытындысын жариялады

4 Февраля 2018 (23:03) | 2567 | Автор: Нурганым Имашева

Өткен аптаның соңғы күні «ҚР Ұлттық Банкінің» РММ Маңғыстау филиалы жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясын ұйымдастырды.

 

 

Жиында Ұлттық Банктің МОФ басшылығы журналистер қауымына аймақтың қаржы саласындағы өткен жылдың қорытындысына шолу жасады. Басқосуға келген тілшілерге ҰБ МОФ директоры Әкімжанов Мұрат Бостанұлы бөлім басшылары мен жетекші мамандарын таныстырып, алдағы уақытта Банк филиалы БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста болуға, ашықтық принципімен жұмыс істеуге даяр екені туралы айтты. Халықтан түскен қаржы нарығына қатысты кез-келген сауалға жауап беруге Банктің дайын екендігі жеткізілді.

 

Баспасөз мәжілісінде 2017жыл қорытындысына тоқталған «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Маңғыстау филиалының  директорының орынбасары Ашитов Айдар Бауыржанұлы қаржы нарығында қалыптасқан жағдайға қатысты:

-  Республика бойынша 2017 жылдың қорытындысымен жылдық инфляция 7,1% болды, бұл 2017 жылға арналған 6-8% нысаналы дәлізге сәйкес келеді.

Маңғыстау облысы бойынша жылдық инфляция  6,7% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша-6,4 %, өзге тауарлар бойынша - 8,3%, халыққа ақылы қызмет көрсету бойынша-5,6% болды.

Инфляцияның баяулауы Ұлттық Банктің болжамды және бейімделген ақша-кредит саясаты және әлемдік тауар және азық-түлік нарықтарындағы тұрақты ахуал жағдайларында орын алып отыр.

Ұлттық Банк 2018 жылы жылдық инфляция біртіндеп баяулауын күтеді және 2018 жылға 5-7% мөлшерінде барынша төмен нысаналы бағдарды белгілеп отыр,- тоқталып өтті.

 

 

Ұлттық Банктің алтын валюта резервтері бойынша түсінік берген директордың орынбасары А.Ашитов: «Өткен  жылы Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері алдын ала деректер бойынша 31,1 млрд. $-ға дейін 4,7%-ға дейін өсті. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 57,8 млрд. $, елдің жалпы халықаралық резервтері 88,8 млрд. $ немесе ІЖӨ-нің 57%-ы болды.

 

Базалық мөлшерлеме бойынша 2017 жылы Ұлттық Банк үш рет базалық мөлшерлемені жыл басындағы 12%-дан жыл соңындағы 10,25%-ға дейін төмендетті.

 

2018 жылғы 16 қаңтардан бастап ол 9,75%-ға дейін төмендетілді. Базалық ставканы енгізген сәттен бастап алғаш рет оның деңгейі бірмәнді шамаға жетті.

 

Нарықтағы мөлшерлемелер бойынша Ұлттық Банк үшін бағдар болып табылатын TONIA индикаторы 2017 жылы базалық мөлшерлеме дәлізінің төменгі шегіне жақын деңгейде қалыптасты», -деп мәлімдеді.

 

ВАЛЮТА НАРЫҒЫ

Айдар Бауыржанұлының баяндауынша, «Валюта нарығындағы жағдай тұрақты. Ұлттық валютаның орта мерзімді перспективадағы бағамын айқындайтын іргелі факторлар оңтайлы қалыптасуда. 2017 жыл ішінде теңгенің айырбастау бағамының серпіні әр түрлі болды. Бір жыл ішінде теңге АҚШ долларына қатысты номиналдық көрсетуде 0,3%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 332,33 теңге болды».

 

НЕСИЕ  НАРЫҒЫ

 -2017 жылы облыс экономикасында кредит мөлшері 30% өсіп 214,1 млрд. теңгені құрады, соның ішінде шағын кәсіпкерлік нысандары бойынша 29,8 млрд. теңге (яғни 26,5% өсіп отыр). Бұл көрсеткіш  экономикалық белсенділіктің артқанын көрсетеді. Банктардың облыстық филиалдары берген кредиттер бойынша берешек 279,8% құрады, немесе 2017 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 13,3% көбейді. Төлем мерзімі кешіктірілген берешектер 18,2 млрд. теңге болды, бұл облыстағы банк филиалдарының несие портфелінің  6,5% құрап отыр,- дейді «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Маңғыстау филиалы директорының   орынбасары А.Ашитов.

 

ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫ

ҰБ аймақтағы филиалының басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, «Облыс бойынша депозиттердің жалпы көлемі 291.2 млрд теңгені құрады. Теңге депозиттерінің өсуіне себеп болған негізгі қозғаушы күш халықтың депозиттері болып отыр, бір жылда 31,8% , яғни 28,3 млрд теңгені құрады.

 

Облыста долларландандыру деңгейі  2016 жылғы  желтоқсан айымен салыстырғанда 54,5% - дан  2017 жылдың соңында 43,8% - ға төмендеді.

 

Заңды тұлғалардың доллар депозиті 60,0%-дан 48,6%-ға, тұрғындардың доллар депозиті 52,2 %-дан 41,6%-ға төмендеді».

 

 

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ

Баспасөз мәжілісі барысында Ұлттық Банктің «НБК Online» мобильдік қосымшасында  «Коллекторлық агенттіктер қызметі» жаңа тарауы қосылғаны туралы ақпарат берілді.

 

Банк филиалы мамандарының айтуынша, «Қаржы қызметінде тұтынушылардың  құқығын қорғауды  арттыру мақсатында 2018 жылдың 23 қаңтарынан бастап  Ұлттық  Банк  «Коллекторлық агенттіктер қызметі» деп аталатын жаңа тарауды ашып отыр.

 

Осы қызметке байланысты туындаған барлық сұрақтар бойынша азаматтар Ұлттық Банкке тікелей ғана емес, оның «НБК Online» мобилдік қосымшасы арқылы да хабарласа алады.

 

2017 жылы 2 маусымда  Қазақстан Республикасының «Коллекторлық қызмет мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, ал 2017ж. 3-ші желтоқсанында  коллекторлық қызметпен айналысатын заңды тұлғаларға коллекторлық агенттік ретінде әділет органдарында қайта тіркелуден және  Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өтуге берілген алты ай мерзім аяқталды.

 

Жалпы, республикамызда барлығы 65 коллекторлық агенттік, Маңғыстау облысы бойынша коллекторлық қызметпен айналысатын 9 филиал тіркелді».

 

ЖАС  МАМАНДАРҒА СҰРАНЫС

Ұлттық Банк дарынды жас мамандарды іздестіру науқанын бастағанын тілге тиек еткен  филиал директорының орынбасары:

-Ұлттық  Банк  2018 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 наурызға дейін экономикалық  және  қаржы  бағыттағы, сол сияқты юриспруденция, инженерия және құрылыс, ақпараттық технология және киберқауіпсіздік салаларында дарынды жас мамандарды іздестіру науқанын бастайды.

Талапкерлер ақпан айы бойы  өздерінің түйіндемесі мен эсселерін Ұлттық Банк сайтына орналастыруы керек.

Акция бойынша толық мәліметті «НБК Online» мобильдік қосымшасынан  және «Facebook» әлеуметтік желісінен алуға болады, - деп  мәлімдеді.

 

Суреттерді түсірген автор

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему