Білекті балуан, білікті бапкер
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 02:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Білекті балуан, білікті бапкер

13 Ноября 2015 (11:05) | 1746 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жастайынан Балуан Шолақ, Қажымұқан бабаларындай ел намысын абыроймен қорғап, аталарындай күш атасы атануды, ауыл спортын дамытуды армандаған шетпелік Жанғали Нұрдәулетов-бүгінде білекті балуан, білікті бапкер.

 

Шетпе кентінің Қосбұлақ ауылында дүниеге келген ол жастайынан ауылынан жаяу қатынап, Шетпедегі спорт мектебінде жаттығады. Қажырлы еңбек пен үздіксіз дайындықтың нәтижесінде самбодан ересектер арасында ҚР кубогында чемпион атанып, «Спорт шебері» атағын иеленеді. Ашхабадта өткен халықаралық жарыста топ жарып, 3-орынды еншілейді.

 

-Спорт залға келіп жаттығып жүргеніме бір апта уақыт өткенде облыстық чемпионатқа қатыстым. Дзюдодан өткен жарыста 1 орынды иеленіп, үлкен қуанышқа бөлендім. Ата-анам менің бұл жеңісіме сенбеді. Алғашқы жеңістің дәмі бөлек ғой, сол жетістігіме қуанған ата-анам мен бапкерім Манарбек Бисекенов менің талай додаларда топ жаруыма қолдау көрсетті. Ал, биылғы туған күнімде өзіме сый жасап, Семейде өткен жарыста жеңімпаз атандым. Спорттағы қадамымды алғашында қазақ күресінен бастадым, кейін боз кілемде дзюдо, самбодан белдестім. Бүгінгі таңда өзімнің тәжірибеммен бөлісіп, шәкірт тәрбиелеп жүрмін. 30-ға жуық шәкіртім бар,-дейді Жанғали Нұрдәулетов.

 

«Ұстаздан шәкірт озса игі»,- демекші Жаңғалидай білікті бапкерден тәрбие алған жас жеткіншектер бүгінде әртүрлі жарыстарда топ жарып, ауылдын намысын абыроймен қорғап жүр. Жақында Ақтау қаласы әкімінің кубогы сарапқа салынған жарыста шәкірттері Батыржан Құрманбаев пен Нұрсұлтан Нұрбол алтыннан алқа тақса, Нұрсәт Қанатбаев күмісті иеленді. Сондай-ақ, Жетібайда дзюдодан өткен облыстық ашық турнирде Батыржан Құрманбаев чемпион атанса, Данияр Жолболдин, Мамыр Мұхамеджанов, Нұрсәт Қанатбаев қоланы қанағат тұтты. Сондай-ақ, тағы бір шәкірті Думан Ұзақбаев өткен жылы дзюдодан өткен жарыста чемпион атанды.

 

- Жарыстарға үкілеп апарған спортшыларым үздіктер қатарынан көрініп жүр. Мұның барлығы көп жылғы еңбектің жемісі. Маған тәлім берген ұстаздар еңбегінің нәтижесі. Сондықтан да сөз реті келгенде облыста спорттың дамуына көмектесіп, жастарды жарыстарға апаруға үнемі қолдау көрсетіп жүрген жанашыр ағаларымыз облыстық спорт басқармасының бастығы Сергей Пахомов пен облыстық самбо федерациясының бастығы Орақ Аяповқа алғысымызды білдіргім келеді,-дейді Жанғали Нұрдәулетов.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему