Тәртіп сақшылары заңсыз бекіре тұқымдас балығын тасымалдаушыны құрықтады
24 Февраля 2019 (12:24) | 1850 | Автор: Нурганым Имашева
-22 ақпан 2019 жылы сағат 17:30 шамасында Ақтау қаласының Жергілікті Полиция Қызметінің ЖППБ қызметкерлері полиция капитаны Н.Қожбанов пен кіші сержант Е.Кенже облыстық Табиғатты қорғау полициясымен бірлесе «Тойота Карина» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүк салғышынан растайтын құжатсыз бекіре тұқымдас балық табылды. Жалпы салмағы 200 келі, 53 дананы құрайды.
Аталған дерек Ақтау қаласының Полиция Басқармасында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 339-бабымен тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,-деп хабарлайды Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі.
Суреттерді ұсынған Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің Баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему