Заңды некедегі әйеліне жарақат салғаны үшін сотталған...
Курс валют в Актау
на 18/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
18 Ноября, 01:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Заңды некедегі әйеліне жарақат салғаны үшін сотталған...

7 Января 2018 (13:07) | 3140 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда Ақтау қалалық сотының басты сот талқылауында заңды некедегі жолдасына қол жұмсап, қасақана ауыр дене жарақатын салған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралып нүктесі қойылды.

 

 

Яғни, азамат А. 2017 жылдың тамыз айының бір кешінде Ақтау қаласындағы тұрғылықты мекен-жайына келіп, пәтер ішінің жинастырылмағанын сылтау қылып, заңды некедегі жолдасы, екі қыз баласының анасы азаматша Ж-ны балағаттап, бірнеше рет басынан және қабырғасынан ұрып-соғып, нәтижесінде ауыр дене жарақатын келтірген.

 

Жәбірленушіге жүргізілген сот-дәрігерлік сараптама қорытындысы бойынша, оның денсаулығына ауыр дене жарақаты келтірілгені анықталған.

 

Жәбір көрген азаматша Ж. заңды некедегі жолдасымен заңды түрде ажырасып, оны қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде полицияға арызданған, нәтижесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін азамат А-ны ҚР ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен, яғни денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені үшін айыптаған қылмыстық іс негізінен қарау үшін Ақтау қалалық сотына жолданды.

 

Істің қаралу қорытындысымен, Ақтау қалалық сотының үкімімен, азамат А. ҚР ҚК-нің 106 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енбеген.

 

 

Осылайша «ашу-дұшпан» демекші, ашу мен сабырсыздықтың нәтижесінде заңды некедегі әйеліне ауыр жарақат келтірген отағасының заңсыз әрекетінен кейін,  айрандай ұйыған отбасының шырқы бұзылып, азамат А. сотталып, бір шаңырақ ыдырып тынды.

 

Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры

1-сыныпты заңгер Азамат Кошев 

Сурет автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему