Маңғыстауда МӘМС аясында 100 мыңнан астам тұрғынға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 19:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда МӘМС аясында 100 мыңнан астам тұрғынға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді

7 Февраля 2023 (11:35) | 1430 | Автор: Редакция

Маңғыстауда 2022 жылы медициналық сақтандыру бойынша 109 133 тұрғынға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 79 980 бала. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық стоматология орталығының директоры Қуат Машырықов хабарлады.

 

Спикердің айтуынша, 1-шағынаудандағы облыстық стоматологиялық орталық Маңғыстау облысындағы стоматологиялық қызметтердің барлық түрлерін көрсетуге лицензиясы бар жалғыз емхана. Клиникада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және стоматология бойынша тегін медициналық көмектің көлеміне кепілдік берілген (ТМККК).

 - Бүгінде тіс емханасында 136 маман бюджетте қызмет көрсетеді. Жеке клиникалармен салыстырғанда арнайы мемлекеттің бақылауында болғандықтан баға шегі бар. Мысалы, емханадағы ең төменгі баға 5000 теңгеден басталады. Ортодонтиялық қызметтер, яғни брекет салдыру ақылы түрде жүзеге асырылады, - деді Қуат Машырықов.

 Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған аналарға, әлеуметтік көмек алатын жандарға 10% дан 20% дейін жеңілдіктер бар. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге жоспарлы түрде тегін стоматологиялық көмек көрсетіледі.

 Спикердің айтуынша, стоматологиялық орталықта 2022-ші жылы 2101 жүкті әйел тегін емделген. Солардың бірі, Ақтау қаласының 31 жастағы тұрғыны Жанар Қамидолла.

 - Жүктілігімнің 30 аптасында тістерім мазалап жүрді. Кешкі уақытта тіс ауруы қатты күшейіп, шыдатпай бастады. Бірден облыстық стомотологиялық орталықтың көмегіне жүгіндім. Тіс дәрігерлері жедел көмек көрсетіп, 2 күннен кейін уақытша пломба орнатып берді. Шыны керек, қарым-қатынастарына сондай риза болдым, - дейді тұрғын.

 Айта кетейік, тұрғындар таңғы сағат 8:00-20:00-ге дейін және кезекші дәрігерге түңгі сағат 24:00-ге дейін қарала алады. Ал, тіс емдеу бағаларын көру үшін  «Stom – mangystau.kz» сайтына тіркелуге болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему