Самбодан Қазақстан кубогы Абай жерінде өтті
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 13:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Самбодан Қазақстан кубогы Абай жерінде өтті

23 Декабря 2022 (12:49) | 2091 | Автор: Редакция

16-18 желтоқсан күндері Семей қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасында Қабанбайдың 330 жылдығына арналған Қазақстан кубогы болып өтті. Аталған дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 400-дің үстінде самбошы қатысып, Абай елін үш күн дүбірге болады.

 

 

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні байрақты бәсекенің ашылу салтанаты өтіп, Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Халықаралық Қабанбай батыр қорының президенті Құсман Шалабаев және республикалық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының бас хатшысы Ерназар Бексұлтановтар қатысушыларға сәттілік тіледі.


Қабанбай мемориалының ашылу салтанатында Қазақстандық жауынгерлік өнер ассоциациясының қолдауымен Қазақстан самбо федерациясы тарапынан Абай облысының самбошыларына жаңа күрес кілемі табыс етілді. Жалпы, мұндай күрес кілемдері бұған дейін 10 облысқа берілген болатын. Атап айтсақ солардың қатарында Маңғыстау облысы, Шымкент қаласы, Қарағанды, Павлодар, СҚО, Қостанай, Жамбыл және Жетісу облыстары бар.


"Самбошылардың атынан Қазақстандық жауынгерлік өнер ассоциациясына, "Самұрық Қазына", спорттық қорына, "Казминералс" компаниясына және республикалық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясына алғыс айтамыз" деді Ерназар Бексултанов.

 

 

Сонымен қатар командалық сайыстар да өтіп, жеңімпаздар белгілі болды. Командалық сында спорттық және жауынгерлік самбодан Абай облысы топ жарса, әйелдер арасында Түркістан облысының қыздары қарсыластарынан басым түсті.

 

Осылайша Қазақ самбошылары биылғы жылды қорытындылады. Келер жылы өтетін халықаралық додаларда самбошыларымыз ел намысын абыроймен қорғайды деп сенім артамыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему