Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қаржысы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 240 млрд теңгеге жеткізілмек
16 Августа 2019 (15:16) | 2481 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл жайлы «Өңірлік Коммуникациялар Қызметінде» «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ төрағасының орынбасары Эрик Байжүнісов мәлім етті. Спикердің айтуынша, 2020 жылы МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) енгізілуімен, елде барлық адам медициналық көмекпен қамтылатын болады.
-«Сақтандыру төлемінің көлеміне қарамастан еліміздегі барлық азаматтар медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Тіпті жұмыссыз азаматтар да. Бүгінде қорда 175 млрд. теңге бар,1 қаңтарға дейін 240 млрд. теңге қаржы жиналады деп күтілуде», - деді ол.
Э.Байжүнісовтың айтуынша, мемлекет қаражатты халық көп келетін медициналық мекемелерге жібереді, сол арқылы медициналық мекемелер арасында жақсы бәсекелестік пайда болады және халыққа медициналық көмек көрсету сапасы артпақ.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқаармасы басшысының м.а Әнуар Сағынбаевтың айтуынша, аймақта қазір мәртебесі анықталмаған 15 мыңнан аса адам бар, олардың құрамына өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық, тіркелмеген жұмыссыздар және т.б. енеді. Оның ішінде 1 мыңға жуық адам өздерінің мәртебесін анықтаудан бас тартқан. Осыған орай, басқарма басшысы облыстың әрбір тұрғынын жалпы жүйеге, ортақ қоғамымыз үшін жауапты болуға шақырды.
Тегін медициналық көмектің мөлшері мен міндетті әлеуметтік сақтандыру пакеті туралы ақпаратты түсіндіре отырып, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов:
-Бізге МӘМС реформасы не үшін қажет? Бүгінде дәрі-дәрмек құнының 40 пайызы тұрғындардың қалтасынан төленеді. Яғни, бұл дәрі-дәрмектерді сатып алу, ақылы мамандарға бару. Бұл халық үшін айтарлықтай ауыртпалық екендігі даусыз. Жаңа реформаның мәні мынада - бұл шығындардың белгілі бір бөлігі сақтандыру арқылы өтелетін болады», - деді.
Филиал директорының айтуынша, мемлекет қазір қазақстандықтарға дәрі-дәрмекті жылына триллион теңге деңгейінде қаржыландыруда және бөлінетін қаражат көлемі тұрақты түрде өсуде. Егер 2013 жылы кепілдендірілген тегін медициналық көмекке 608,1 млрд. теңге бөлінсе, 2019 жылы 972,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл қарапайым халыққа қалай әсер етпек?
-Қаржының өсуі сатып алынатын қызмет түрлерін көбейтуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде денсаулық сақтау саласында жағымды өзгерістер болады:
- ақша көбейген соң тариф өседі;
- тариф жоғары болған соң мемлекеттік тапсырысты орындауға құлшынатын клиникалар саны артып, жаңа клиникалар ашуға ынталылық болады,
- клиникалар қанша көп болса, пациенттер үшін күрес те күшейеді,
- бәсекелестік қанша күшті болса, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы да жоғарылайды, - деді қордың аймақтық филиалының директоры.
Суреттерді түсірген Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему