Шахмат жарысында бақтарын сынады
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 11:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шахмат жарысында бақтарын сынады

12 Декабря 2017 (20:49) | 2423 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтауда ана тіліміздің жанашыры, журналист, әуесқой шахматшы Темірхан Түйтеевтің 65 жылдығына арналған «Шахмат менің әлемім» атты қалалық шахмат турнирі мәресіне жетті. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған спорттық жарысқа «Толқын», «Достық», «Ұлан» шығармашылық клубының командалары мен «Оқушы» орталығының шахматшылар командасы қатысып, бақтарын сынады.  

 

 

Шараның ашылуында марқұмның сыныптас досы Жолдыбай Көбенғалиев, «Оқушы» орталығының директоры Ақмарал Жалғасқалиқызы мен мрақұмның отбасы мүшелері, туыстары, әріптестері сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

-«Патшалар ойыны» шахматты насихаттап, осы спорт түрінің дамуына атсалысқан ойы жүйрік, парасатты журналист, талай рет шахмат турнирінің жеңімпазы атанған Темірхан Түйтеевтің 65 жылдығына арнап бүгін «Шахмат менің әлемім» атты бірінші қалалық шахмат турнирін өткіздік.

 

 

 

Шахматшалар жарысына 1-8 сынып аралығындағы 50 мектеп оқушысы қатысты. Оқушылардың дайындықтарының жоғары болғанын айта кеткім келеді.

 

 

Осындай шахмат турнирлері жыл сайын өткізілсе, қаламызда аталмыш спорт түрін одан әрі дамытуға жол ашылар еді...

 

 

 

Жалпы «Оқушы» орталығындағы шахмат үйірмесіне 68 бала қатысады. Жыл басынан бері шәкіртім А.Мұңал республикалық Алматы, Астана қалаларындағы шахматтан өткен жарыстарда жеңімпаз атанып, бірінші орындарды иеленді.

 

 Одан бөлек, қалалық, облыстық жарыстарда шәкірттерім А.Сайын, Н.Хадиев жүлдегер атанды,-дейді «Оқушы» орталығындағы шахмат үйірмесінің ұстазы Ақберді Қалиев. 

 

 

Жылдам ойлап, дұрыс шешім қабылдауға жетелейтін тақта үстіндегі тартыста бірінші орынды Айдана Күшбай, Анель Сайын, Нұрбек Жолдасбаев, Амин Мұңал қиеленді.

 

 

Екінші орын Нәби Орынбасар, Әлішер Убайдулла, Елзада Досмағамбет, Айдана Демесиноваға бұйырса, үшінші орынға Жасұлан Икенов, Нұртас Амандық, Агидель Смагулова, Іңкәр Арыс жайғасты.

 

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар ұсынған бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

 

Суретті түсірген:  жарыс ұйымдастырушылары

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему