Түпқараған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі «Қауіпсіз балалық шақ» акциясын ұйымдастырды
17 Июня 2019 (14:56) | 2728 |
Автор: Нурганым Имашева
Түпқараған төтенше жағдайлар бөлімімен 14 маусым күні Форт-Шевченко қаласының Каспий теңіз жағалауында мектеп жанындағы лагерьлер арасында «Қауіпсіз балалық шақ» атты акциясы өткізілді.
Шараға Форт-Шевченко мектеп-интернатының «Жалын», Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының «Dream camp» және Е.Өмірбаев атындағы орта мектебінің «Caspian» лагерьлерінің командалары қатысты. Акция аясында «Су эстафетасы» және «Өрт эстафетасы» бағыттарында ойын-сайыстары өткізілді. Жалпы сайысқа қатысушылар мен жанкүйерлер саны 100 баланы құрады.
Өткізілген шараны бұқаралық-ақпарат құралдарында жариялау мақсатында аудандық «Ақкетік арайы» газетінің тілшісі қатыстырылды.
Бұл өткізілген акцияның мақсаты: балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ТЖ жағдай кезіндегі іс-қимылдарды үйрету, практика жүзінде шұғыл әрекеттерді қолдана білу, бәсекелестік және бірлестік рухында тәрбие беру болып табылады. Ойын-сайыстармен қатар, лагерьде демалушы балаларға судағы қауіпсіздік және тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Сайыс жеңімпаздары дипломдармен мараппатталды.
Нұрқожа Альджанов
Түпқараған ауданының
Төтенше жағдайлар
бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау майоры
Суреттер автордыкі
Зарегистрируйтесь или войдите в систему