Ақтаулық прокурорлар тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 03:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық прокурорлар тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

11 Декабря 2017 (21:07) | 1738 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қалалық прокуратурасы 8 желтоқсанда «НұрОтан» партиясының ғимаратында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Шараға Ақтау қаласы прокурорының орынбасары Төребаев Ғалымжан басшылық етті.

 

 

Қабылдау барысында 8 тұрғын өздерінің шешімін таба алмай жүрген мәселесімен прокурорларға жүгінді. Тұрғындардың көтерген мәселелері көбіне алимент төленбеуіне және қаланың жаңадан пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлерінің сапасының нашарлығына қатысты болды.

 

Мұнайлы ауданына келген тұрғынның бұрынғы күйеуінен баласына алимент ала алмауына байланысты сауалына прокурорлар өзі тұратын аудандық прокуратураға шағымдануға кеңес берді.

 

Тұрғын үйлердің сапасының нашарлығына қатысты шағым бойынша прокуратура қызметкерлері құрылысты жүргізген мердігер компанияның атына шағымдану қажет екенін түсіндіріп, сапасыз салынған тұрғын үйлерден жапа шеккен пәтер иелеріне мәселенің оң шешімін табудың дұрыс жолын сілтеді.

 

Ақтау қалалық прокуратурасының қызметкерлері тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын айтты.

 

Сурет Ақтау қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің архивінен алынды 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему