Ақтаулық оқушылар зияткерлік сайыста білімін сынады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық оқушылар зияткерлік сайыста білімін сынады

18 Ноября 2014 (07:10) | 4958 | Автор: Redactor

 

Өткен сенбіде облыс орталығының №15 орта мектебінде қала мектептерінің оқушылары арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Жас өрендер шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және «Маңғыстау-мәңгі мақтаным» тақырыбындағы интеллектуалдық сайыстарға қатысып, өздерінің білім деңгейі мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады.

 

Мектеп оқушыларына арналған аталмыш сайысты Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Заңғар-Асу» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

 

- Сайыс бес бағытта өтіп жатыр. Бірінші бағытта-«Маңғыстау-мәңгі мақтаным» тақырыбындағы зияткерлік сайыс, екінші бағытта-спорттық сайыстар, мұның ішінде-шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан өткізілетін жарыстар. Осы сайыстардың қорытындысы бойынша, жеңімпаз балалар облыстық зияткерлік сайысқа қатысатын болады. Қазан айының 29-ында сол облыстық сайыс Ақтауда өтеді. Одан соң облыс әкімінің Халықаралық Кубогы үшін өтетін жарыс ұйымдастырылмақ.

Осы «Тайталас» зияткерлік сайысын өткізгендегі біздің басты мақсатымыз-оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, олардың жан-жақты қабілеттерін шыңдай түсу, логикалық ойлау қабілетін өсіру. Бұл жерде кейбір адамдарда бір түсінбестік болуы мүмкін. Шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойындары ешқандай зияткерлік сайысқа жатпайды деп ойлауы мүмкін. Бұл ойындар-зияткерлік сайыстың түп негізі деп айтар едім. Себебі олар ойлау арқылы ойналатын ойындар. Бұлар «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны сияқты оған қатысқан баланың логикалық ойлау қабілетін дамытады,-деп мәлімдеген «Заңғар-Асу» қоғамдық қорының директоры, облысымыздағы білікті, тәжірибелі ұстаз Аққалам Дүйсенбаева: «Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарының үйірмесі кез-келген қала мектебінде бар. Жаңаөзен қаласында іріктеу сайысында болғанымызда осы жердегі жас ұрпақты зияткерлік бағытта дайындау ісінің тиянақты жүргізіліуіне риза болдық. Қалада «Жастар Орталығы» бар екен, әр шағынауданда аула клубы, бір жерде шахматтан, екінші жерде-дойбыдан, ал үшінші жерде-тоғызқұмалақтан жарыстар және тағысын-тағы балаларға қажетті қызықты сайыстар өтіп жатты. Жалпы, балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау бағытында түрлі жұмыстар жүргізіліп жатқанының куәсі болдық.

Тоғызқұмалақ-біздің ата-бабамыздан қалған мұра. Соны кейінгі ұрпаққа үйрету-біздің міндетіміз. Бұл ұлттық ойын бір кезде жойылып кетті. Қазіргі кезде қайтадан жанданып, қалпына келіп, дамып келе жатыр.

«Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны бізде көбіне орыс тілінде өтеді. Соларға ауыл мектептерінің балалары көбіне қатыса алмай қалады. Біздің жұмысымыздың басты мақсаты-ауыл балаларын қолдау. Неге? Себебі-біз қанша қазақша үйренеміз дегенмен, ауыл баласы орыс тіліне шорқақ, өйткені ауылда орыс тілді орта жоқ, сондықтан орыс тіліндегі жарыстарға қатысқан ауыл баласы, қанша біліп тұрса да, тілі жетпегендіктен жауап бере алмай қалады. Тіл білмегендіктен, барған жерінде ұтылып қалады.

Сондықтан біздің «Заңғар-Асу» қоғамдық қоры осы мәселеге назар аударып, дайындық курстары бар, балалардың білімін теңестіру, орыс және ағылшын тілдеріндегі дайындықтарын жетілдіру мақсатында, шамамыз келгенінше, балаларды жан-жақты дамыту бағытында жұмыстанудамыз»,-деген ойымен бөлісті.

 

 

Зияткерлік сайысқа қатысушы оқушылардың жас мөлшері туралы білгіміз келгенде ұйымдастырушы «Заңғар-Асу» қоғамдық қорының директоры Аққалам Дүйсенбаева:

«Сайысты негізінен 9-11 сынып оқушылары арасында өткізуді ойлағанымызбен, кейбір 5-6-7 сынып оқушылары да оған қатысуға ниет танытқан соң, біз оларға шек қойғанымыз жоқ. Балалар қатыссын, көрсін, қабілеттерін шыңдасын дедік. Бала ерте жастан түрлі ортада көбірек болып, араласу арқылы оның әртүрлі қабілеті ашылады. Жалпы, әрбір баланың өзіне тән қабілеті болатыны белгілі, тек қабілетті дарынға ұштастыру-ұстаздың міндеті. Сондықтан біз осы бағытта жұмыстанып жатырмыз»,-деді.

 

Жарыс барысында тоғызқұмалақ ойыны бойынша сайысқа қатысып отырған кішкентай орыс қызын көріп, оның анасын сөзге тарттық. №7 мектеп-лицейдің 1 сынып оқушысы Анна Кукушкинаның анасы: «Қызым тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысқанына 1-2 айдың жүзі болды. Өз қызығушылығымен барып жүр аптасына 3 рет мектептегі үйірмеге. Үйірмені мектептің денешынықтыру сабағының ұстазы жүргізеді. Бұл ойын баланың логикалық ойлау қабілетін дамытады, сондықтан қызымның қызығушылығын қолдаймын»,-деді ризашылық сезіммен.

 

Зияткерлік сайыстың нәтижесі мынадай: шахмат ойыны бойынша І-орынды №13 мектеп-гимназисының оқушысы Кекебаев Сұлтанмұрат, ІІ-орынды осы мектептен Төлегенов Арсен, ал ІІІ-орынды-№8 орта мектептің оқушысы-Нұртілеуұлы Омар жеңіп алса, дойбы додасында І-жүлделі орынға-№15 мектептің 10 сынып оқушысы Есболай Ақнияз көтерілсе, ІІ-орын-№16 орта мектептің шәкірті Сейдазимов Хандамға бұйырып, ІІІ-орынды-№13 мектеп-гимназиясының оқушысы Рахметова Нәйлә жеңіп алды.

 

 

Тоғызқұмалақ жарысында І-орынды-№20 орта мектептің оқушысы Баймағамбетова Әйкерім жеңіп алса, экономикалық лицейдің оқушысы Абуева Меруерт-ІІ орынды иеленіп, ал №11 орта мектептен Құдабаев Парасат-ІІІ орынды місе тұтты.

 

"Маңғыстау-мәңгі мақтаным» зияткерлік сайысының нәтижесінде І орынды №13 мектеп-гимназиясының «Шерқала» командасы жеңіп алса, ІІ-орын-№11 орта мектептің «ФизМат» тобына бұйырды, ал ІІІ-жүлделі орынға- экономикалық лицейдің «Көшбасшы» командасы табан тіреді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему