Ақтаулық психолог республикалық байқауда үздік атанды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық психолог республикалық байқауда үздік атанды

22 Ноября 2017 (10:07) | 3741 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің психологы Айгүл Тасанова «Үздік психолог-2017» республикалық байқауында озат атанып, І-орынды иеленді. Байқау 1-3 қараша аралығында Алматы қаласындағы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында өтті. Биыл байқауға 96 психолог қатысып, еңбек өтілі 3 жылға дейінгі, 3-7 жыл аралығында және 7- жылдан асқан категориялар бойынша бақ сынады. Мектеп психологының өтілі 10 жылдан асқандықтан, үшінші категория бойынша қатысып, 37 психологпен бас жүлдеге таласты.

 

 

 

-Шара жыл сайын дарынды, шығармашыл, кәсіби деңгейі жоғары психологтарды анықтап, қолдау мақсатында өткізіледі. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Белгілі бір тақырыпта эссе жазу, портфолио презентациясы, шеберлік сағатын өткізу, «Психологтың ғажайып әлемі» тақырыбында монолог оқу. Менімен қатысқан әріптестердің барлығы өз ісінің шебері, бірақ, соған қарамастан бірінші орын иеленгеніме қуаныштымын, - дейді Айгүл Тасанова.

 

 

Психолог байқау барысында оқушыларға қысқа мерзімде кеңес берудің тиімділігі мен өзектілігін көрсете білді. Маманның тағы бір ерекшелігі «Лабиринт» тимбилдингін көрсету болды. Бұл ойынды қазылар алқасы командалық рухты көтеріп, ауызбіршілікке жетелейтіндігімен ұнатып, жоғары баға берді. Айта кету керек, Айгүл Тасанова бұған дейін де республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі байқауларға белсенді қатысып, жүлделі орындардан көрінген болатын. Осыған дейін, аталған байқауда «Креативті психолог» атағын жеңіп алған еді.

 

 

-Бұрындары психологтар кеңес беру үшін бірнеше кездесулер өткізетін еді. Қазіргі таңда бұл барлығы үшін тиімсіз. Көбінің уақыты бола бермейді. Сол себепті проблеманы дер кезінде, дәл сол уақытта шешіп, тиімді кеңес беру өзекті. Жеке өз басым, оқушылардың туындаған мәселелерін оқиға орнында шешкенді дұрыс көремін. Жарыста бес қадамды диссоциация бойынша шеберлік сағатын көрсеттім. Бұл нейролингвистикалық бағдарламалау бойынша қысқа мерзімді терапия, - дейді Айгүл Тасанова.

 

 

Жүлделі орынға ие болғандар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды. Енді жүлдегерлердің жұмыстары тәжірибеде қолданылуға ұсынылып, «Дарын» ақпараттық-әдістемелік журналы мен арнайы жинақта жарық көретін болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему