Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мемлекеттік наградалармен марапатталды
24 Июня 2026 (11:19) | 1
|
Автор: Редакция
2026 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік рәсімге ІІМ басшылығы, ішкі істер органдарының қызметкерлері, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының офицерлері, қызмет ардагерлері және өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараны ашқан Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов қызметкерлер мен ардагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
— Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бұл мереке өз өмірін заңға қызмет етуге, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға арнаған ішкі істер органдары қызметкерлерінің бірнеше буынын біріктіреді. Полиция қызметі ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін. Олардың мол тәжірибесі, мамандыққа адалдығы және қызметтік міндеттерін мінсіз орындауы жас буын қызметкерлері үшін лайықты үлгі болып саналады, — деп атап өтті ведомство басшысы.
Құттықтау сөзінен кейін полицияның және Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының үздік қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстау рәсімі өтті.
Жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері, әскердің жоғары жауынгерлік әзірлігін сақтауы, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Бақыт Алазов марапатталды.
Бірнеше рет түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеттерінің алдын алғаны үшін 5517 әскери бөлімінің 2-атқыштар ротасы кинологиялық қызмет мамандары тобының аға маманы (нұсқаушысы) ефрейтор Аманай Бақтығали «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Әскери қызметшілерді марапаттау олардың жоғары кәсібилігінің, әскери ант пен борышқа адалдығының, сондай-ақ елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесінің айқын көрінісі болды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz





