Маңғыстауда жасөспірімдерді шығармашылыққа баулитын орталық пайда болды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 11:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда жасөспірімдерді шығармашылыққа баулитын орталық пайда болды

21 Ноября 2017 (20:36) | 3434 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қаласында ҚР журналистер одағының мүшесі, тележурналист Гүлнұр Жадринаның бастамасымен қазақ тілді балаларға арналған «Даму» медиа мектебі ашылды.

 

 

Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Қошмағамбетов, облыстық мәслихаттың депутаты Абзал Меңдібаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұржігіт Хайруллаев, Халық ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің, Құрмет орденінің иегері Оразғали Өтеулиев және МО спорт басқармасының басшысы Бекболат Байжанов, дизайнер Гаухар Амирова«Жас батыр» спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов пен мектеп директоры Қаламқас Қалиева, Маңғыстау облыстық Кәсіподақ Орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков және БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары қатысып, жаңа бастаманы қолдап, оның жұмысына сәттілік тіледі.

 

Орталықтың қызыл лентасын ҚР ағарту ісінің үздігі Ордалы Қосай мен кәсіби сынықшы Айнұр Есмурзина қиып, ізгі тілектерін білдірді.

 

 

Білім ошағы мектеп жасындағы оқушыларды шешендік өнерге баулып, тележурналистика мен актерлік шеберліктің қыр-сырын меңгертіп, сахна тіліне жаттықтырып, кез-келген ортада өз ойын еркін жеткізуге үйретпек.

 

-«Даму» медиа мектебі - тек қазақ тілді балаларға арналған Маңғыстаудағы тұңғыш білім ордасы. Медиа мектепке 4 сыныптан 11 сыныпқа дейінгі оқушылар қабылданады. Білім ошағы өз жұмысын 1 қарашадан бастап кетті. Қазіргі таңда медиа мектепте 5 топ бар.

 

Сенбілік топқа облысымыздың Жетібай, Шетпе, Ақшұқыр, С.Шапағатов ауылдарынан және Форт-Шевченкодан, Мұнайлы аудандарынан оқушылар келіп, білім алуда. Оқу ордасында бүгінгі таңда тәжірибелі журналист, оператор, актер, видеоинженер жұмыс істейді,-дейді орталық басшысы Гүлнұр Жадрина.

 

 

Медиа мектепте дәріс алу 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде балалар тәжірибе жинақтайды. Екінші кезеңде түрлі сала үздіктерімен, self-made тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылып, шәкірттер сұхбат жүргізуге дағдыланады. Үшінші кезеңде аймақтағы өндіріс ошақтарына, зауыт, фабрикаларға барып, нағыз журналистің жұмысын атқаруға машықтанады.

 

-Осындай қадамдар арқылы тележурналистика саласының қыр-сырымен танысып, мәлімет жинау мен таратудың тәсілдерін үйренеді. Таспаға түсірілген жобалар медиа мектептің Youtube каналында, әлеуметтік желідегі парақшаларында жарық көреді.

 

Ең үздік оқушылар әлеуметтік видеороликтерге түсу мүмкіндігіне ие болады. Медиа мектеп оқушыларының ашылуына бар мүмкіндік жасалады. «Даму медиа» мектебі республикалық балаларға арналған баспалармен келіссөздер жүргізді. Өлкемізге танымал тұлғалармен сұхбат ұйымдастырып, мақалалар жариялауларына толық мүмкіндік бар.

 

 

Балаларды шығармашылыққа тарту мақсатында түрлі әдеби бәйгелер де өткізілетін болады. Еліміздің болашағы - өскелең ұрпақтың қолында. Сондықтан да компьютер мен гаджет құлына айналып бара жатқан балалардың назарын кітапқа аудару, шығармашылық шабыт беру, бағыт-бағдар сілтеу - «Даму» медиа мектебінің басты ұстанымы.

 

Бизнес ретінде бұл пайда көзі емес. Сондықтан, бұл мектепті әлеуметтік жоба ретінде қарастырған жөн,-дейді «ДАМУ» медиа мектебінің негізін қалаушы Гүлнұр Жадрина.

 

 

Мұнда дәрістер аптасына 1 сағаттан үш рет жүргізіледі. Аптаның бірінші сабағында оқушылар актерлік шеберлік пен сахна тіліне үйренсе, екінші сабақта тележурналистика негіздерінен дәріс алады. Ал, аптаның соңғы сабағында камера алдында жұмыс жасайды.

 

-«Даму» медиа мектебіне келген себебім – болашақта кез-келген адаммен тіл табысып, жақсы актриса болғым келеді. Тәжірибелі журналист аға-апайларымнан дәріс алып, олардан үлгі алғым келеді, солар жеткен биік белестерді бағындырғым келеді.

 

 

Актерлық өнер мені қызықтырады, өнер әлемін сүйемін. Актриса болып, өнеріммен халыққа жақсы көңіл-күй сыйласам, адамдардың сана-сезіміне өнерім арқылы әсер етіп, әлемдегі қатыгездік, жамандық атаулының жойылуына өз үлесімді қоссам деймін, - дейді 7 сынып оқушысы, 12 жасар Оңғарбайқызы Ботакөз.

 

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему