Аймақта «Үлгілі ауылдар» анықталды
6 Ноября 2017 (10:10) | 2013 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстауда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Үлгілі ауыл» байқауы өз мәресіне жетті.
Ауылдық елді-мекендерде адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілген байқауға тұрғылықты халық саны 3 мыңнан асатын және 3 мыңнан аз ауылдар қатысты. Аудан ішінен үздік деп танылған ауылдар облыстық байқауға ұсынылды.
-Әр ауылда тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жасыл архитектура жоспары жасалып, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Мысалы, өңірдегі су тапшылығына қарамастан Таушық ауылында аумағы 3,2 гектар орталық саябаққа 900 түп ағаш отырғызып, баптап келеді. Сондай-ақ, көше бойына 672 электр шамы орнатылып, толық жарықтандырылған. Сондықтан да байқау шартына сәйкес жеңімпаз атанған ауылдар сыйақының 80%-ын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына жұмсауы тиіс. Ал 20%-ынан аспайтын мөлшерде ауыл нысандарын көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына үлес қосқан заңды және жеке тұлғаларды марапаттауға ұсынылды. Аталмыш байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін болады,-деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Арнайы жасақталған жұмыс тобы байқауға ұсынылған 8 ауылды аралап, олардың ерекшеліктері бойынша анықтама әзірледі.
«Үлгілі ауыл» облыстық байқауы сарапшы комиссиясының шешімімен тұрғылықты халық саны 3 мыңнан асатын ауылдар арасындағы байқауда I-орынды Түпқараған ауданының Таушық ауылы иеленіп, 10,0 млн. теңге сыйақымен марапатталды.
II-орын Қарақия ауданының Жетібай ауылына (7,5 млн. теңге сыйақы) және III-орын Бейнеу ауданының Боранқұл ауылына (5,0 млн. теңге сыйақы) бұйырды.
Одан бөлек, тұрғылықты халық саны 3,0 мыңнан аз ауылдар арасындағы байқауда I-орынға Маңғыстау ауданының Үштаған ауылы (10,0 млн. теңге сыйақы) лайық деп танылды.
Екінші және үшінші орындарды Қарақия ауданының Сенек ауылы (7,5 млн. теңге сыйақы), Бейнеу ауданының Сарға ауылы (5,0 млн. теңге сыйақы) жеңіп алды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему