«Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталды
Курс валют в Актау
на 23/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
23 Ноября, 12:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталды

14 Сентября 2015 (09:29) | 2402 | Автор: Мира Ботабекова

 

Бүгін елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы басталды. Ғылыми-танымдық экспедиция тарихи-мәдени жерлерді төрт бағытта жүріп өтіп, 9 қазанда Тараз қаласында түйіседі. Экспедицияның бір бағыты бүгін Ақтауда салтанатты түрде сапарға аттанды. Құрамында 20 адам бар топ Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарындағы тарихи жерлерді аралап шығады.

 

«Ұлы дала елі» экспедициясы Астана, Ақтау, Павлодар қалаларында бір мезгілде бастау алады. Экспедиция мүшелері мемлекеттік рәміздер алаңында өткен салтанатты шарадан соң сапарға аттанып кетті.

 

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен тарихшылар, өлкетанушылар және белсенді жастардан құрылған топ төрт күн бойы өңірдегі тарихи орындарды аралап, ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттамақ.

 

Олар шараның алғашқы күнінде Каспий жағалауы мен Ақтау қаласындағы тарихи тұлғаларға орнатылған ескерткіштерді аралады. Сапар аясында сәулет өнерінің қайталанбас туындысы саналатын Бекет ата, Шопан ата жерасты мешіттерін, аңызға толы Шерқала тауы, кіші жүздің ханы Пірәлі хандық құрған Айрақты тауларында бөгелмек. Ұлы Жібек жолының бойындағы сауда нүктесі болған Қызылқала қалашығындағы жәдігерлермен танысуды да жоспарлап отыр. Кейін қатысушылар жазған күнделік-кітап экспедицияның басты нышаны ретінде Атырау облысына табысталады.

 

 

Экспедиция еліміздегі тарихи-мәдени жерлерді төрт бағытта жүріп өтпек. Бірінші топ – Солтүстік және Орталық өңірге бет алады (Астана қаласы - Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары, Жамбыл облысы – Мерке қаласы – ТАРАЗ қаласы). Екінші бағыт – Батыс және Оңтүстік (Ақтау қаласы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Мерке қаласы – ТАРАЗ қаласы).Үшіншісі, Шығыс және Оңтүстік-шығыс бағыты (Павлодар қаласы - Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, Мерке қаласы – ТАРАЗ қаласы). Ал төртінші топ Алматы – Қаскелең – Қордай – Мерке – Құлан – ТАРАЗ қаласы бағытында жүріп өтеді.

 

Экспедиция топтары 9 қазанда Тараз қаласында түйіседі. Осы жерде «Тарих толқынындағы Ұлы Дала» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, экспедицияның нәтижесі бойынша қатысушылардың жазбаларынан тұратын үш томдық күнделік жарық көрмек.

 

 

«Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өте ауқымды әлеуметтік-тарихи акциялардың бірі.  Экспедицияға Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері қатысады.

 

Экспедиция барысында өңір халқымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік және бірлік» бағыты бойынша «Мәңгілік ел мұраты - ел бірлігі» тақырыбына кездесулер; Қазақстан мемлекеттігінің негіздеріне және Қазақ хандығының тарихына арналған «Жер тарихы – ел тарихы» тақырыбы бойынша сұхбаттар; «Н.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі» бойынша дәріс-таныстырылымдар; экспедицияның жүру бағытындағы қалаларда, кенттерде және ауылдарда орналасқан кітапханалар мен мұражайларға кітаптар сыйға тарту көзделген «Теңдессіз сый» акциялары өткізіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему