Болашаққа – үміт, жастарға – сенім
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 00:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Болашаққа – үміт, жастарға – сенім

7 Октября 2017 (15:53) | 7107 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Бүгін 6 қазанда «Жастар үйінде» Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы және «Бекен жастары» ҚБ-нің бірлесе ұйымдастыруымен жастарға арналған «Болашаққа – үміт, жастарға – сенім» тақырыбында ауқымды семинар-тренинг болып өтті. Шараға облыс орталығының ЖОО мен арнаулы техникалық орта оқу орындарының ешбір ұйымдарға қатысы жоқ белсенді студенттері қатысты.

Жастарға арналған бұл шараның мақсаты туралы әңгімелеген «Бекен жастары» ҚБ-нің жетекшісі Мұқаш Бекенұлының мәлімдеуінше, «Ақтау қаласының оқу орындарының белсенді студенттерінің қатысуымен өтіп жатқан бұл семинар-тренингтің көздегені - Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығында еріктілер корпусын қалыптастыру.

Бұл шара Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы мен «Бекен жастары» ҚБ-нің әлеуметтік серіктестігі аясында жүзеге асырылып отыр. Семинар-тренингке 70-ке жуық жас қатысуда. Олар семинар-тренинг және шеберлік сағаты аталатын 2 бөлімнен тұратын «Жобалау» тақырыбындағы тренинг ретінде өтуде. Өзім спикер ретінде шығатын шеберлік сабағының тақырыбы «Еріктілік еріккендік емес – ол ерлік немесе ботаниктен директорға дейінгі жол» деп аталады, яғни өзім туралы кішігірім ақпарат беріп өтетін болам.

«Көшбасшылық» тақырыбындағы тренингті «Қамқор-Ақтау» ҚҚ-ның төрайымы Кенжегүл Тайғара жүргізетін болады. Ал «Қоғамдық жұмыс» тақырыбы бойынша шеберлік сағатын Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының «Жастар жобалары және шығармашылық бөлімінің» басшысы Абылай Фазылбек жүргізеді.

Шарадан күтетін нәтижеміз – біз жастарды осындай қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы жастардың белсенділігін, біліктілігін арттырып, ертеңгі күні олар біздің еріктілеріміз болсын дейміз, яғни еріктілер санын көбейтуді көздейміз. «Жобалау» тақырыбын алғандағы себеп – жастар қоғамдағы өзекті мәселелер бар екенін айтқанмен, оларды қандай жолдар арқылы шешу керектігін біле бермейді. Сондықтан жастардың өздеріне мүмкіндік беру арқылы мәселелер жөнінде сұрап біліп, оларды бүгінгі таңдағы жұмыссыздық, жемқорлық, экология мәселелері, тіл және жерге қатысты қоғамда резонанс туғызған мәселелер толғандыратынын білдік. Енді жастарды белсендіру арқылы соларды шешудің жолдарын іздестіреміз. «Жобалау» сабағында жастар әлеуметтік жобаны қалай жазу керек, ол қандай критерийлерге жауап беруі қажет деген мәселелерге үйренді.

Сабағымыздың екінші бөлімінде мен жастармен өзімнің жобаларым, кішігірім қол жеткізген жетістіктеріммен бөлістім».

Маңғыстау облыстық «Қамқор-Ақтау» ҚҚ-ның төрайымы Тайғара Кенжегүл:

- Бүгінгі жастарға арналған шара өте жақсы деңгейде өтті. Мақсатымыз – Маңғыстау өңіріндегі түрлі оқу орындарындағы белсенді жастардан еріктілер тобын құру, яғни еріктілер қозғалысын дамыту. 2013

жылы облыс әкімінен, қала әкімінен және республикалық деңгейде «Жас Көшбасшы» номинациясын алған болатынмын. Сол себепті маған осы шарада «Көшбасшылық» тақырыбындағы тренингті жүргізуді ұсынған болатын әріптестерім. Көшбасшы болу үшін не істеу керек, қандай жұмыстар атқару керек, арнайы топты қалай құру, еріктілермен қалай жұмыс жасау қажет – осы жөнінде жастарға кеңінен мағұлмат бердік.

Қазіргі жастар өте белсенді, шара барысында әр топтан белсенді көшбасшы болам деген жасты көрдік. Жалпы, қазіргі таңда жастарға айтарым: «Мемлекет бізге не береді? – деп емес, «Мен өз мемлекетіме не берем?» деген ұстаныммен әрекет жасау керек. Жастарды өз уақыттарын тиімді пайдалануға, темекі шегіп, ішімдік ішу дегендей теріс қылықтардан бойларын аулақ ұстауға тырысуға, жағымсыз қылықтардан сақтандыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру, қайырымдылық шараларын, түрлі ізгі ниетті акцияларды жастар арасында көбірек өткізуді өзімізге мақсат етіп отырмыз, - деді.

Жастарға арналған ауқымды шарадан жас жеткіншектер қандай әсер алғанын, нені үйренгендерін білу үшін оларға да сауал тастадық.

Маңғыстау өнер колледжінің 4 курс студенті Сабыров Арманбек:

-Бұл семинар-тренингтің арқасында мен өзіме көптеген жаңа достар таптым, пікір таластырған түрлі ойындардан әрнәрсеге деген көзқарасымыз өзгеріп, дүниетанымымыз кеңейе түскені анық. Жастар бір-бірімен танысып, араласуы арқылы мінездері ашыла түсті, ойындарға қатысу арқылы өз пікірлерін ашық түрде айта алды. Әрбір топ қоғамда орын алған түрлі мәселелердің шешімін табу жолында жұмыстандық. Жалпы, қоғамда белсенді болуға мұндай тренингтердің өткізілуі жастар үшін өте пайдалы. Әрбір оқу орнында аптасына бір рет осындай тренингтер болып тұрса артық болмас еді деп ойлаймын.

Менің бұл тренингке келген себебім-қоғамда орын алған көптеген өзекті мәселелердің шешімін табуға өз үлесімді қоссам деген ойым бар,- дейді.

Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гиназиясының 10 сынып оқушысы Сұлтанова Дильфуза:

-Адамда дүниетаным деген нәрсе болады. Осындай ортаға келген кезде әркімнің дүниетанымы кеңейе түседі. Осындай семинарлар бізге өз пікірлерімізді ашық айта білуге, көптің ортасында сөйлеу арқылы, белсенді жұмыс жасауға үйретеді. Бұл семинардың маған және көп жастарға тигізген пайдасы – қоғамда мәселе туындаса, оны ең алдымен өзіңнен бастап шешімін іздеу керек дегенге үйреткені. Осы семинарда біз жастар көп нәрсені естіп, біліп, үйрендік. Оларды ертең өз достарымызға, сыныптастарымызға айтып бөлісеміз. Сол арқылы жақсы нәрселерге өз замандастарымызды да тартамыз.

Шараны ұйымдастырушылардың бірі - Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының «Жастар жобалары және шығармашылық бөлімінің» басшысы Абылай Фазылбек:

-Бүгінгі семинар-тренингті өткізу арқылы жастардан болашақта көп нәрсені күтеміз, үміт артамыз. Сондықтан тақырыпты «Болашаққа – үміт, жастарға – сенім» деп атағанды жөн көрдік.

Жастарды ұйымшылдыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойдық осы шараны өткізу арқылы және жастардың ерікті топтарын құруды көздедік. Жастарды еркін форматта бір-бірімен таныстыру мақсатында түрлі сергіту ойындарын ойнаттық және де әлеуметтік жобаларды қалай құру жөнінде пікір алмасып, өзекті мәселелерді шешудің жолдарын іздестіруге ынталандырдық. Жастардың арасында өз жобаларын ұсынғандар да болды.

Бастама – жақсы. Жастардың түсінігі артқаны байқалды. Біздің мақсатымыз – еріктілер тобын құру екенін түсіндіріп, Мұқаш Бекенұлының бір кездері еріктіліктен бастап, қазір қандай деңгейге жеткені, менің де кезінде ерікті болып, қазір қол жеткізген жетістіктерім жайлы жастарға әсерлі етіп, әңгімелеп бердік. Жастарды қайырымдылықпен игі істерді атқаруға шақырдық, яғни, көздеген нәтижемізге жеттік. Еріктілер тобын құрдық. Әрине, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз, алда әлі де оқу орындарына барып, ерікті жастардың қатарын толықтыратын боламыз, -деп мәлімдеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему