Нашақор тиісті жазасын алды
23 Июля 2017 (13:53) | 1663 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры С. Жұмағұловтың мәлімдеуінше, «2017 жылдың сәуір айының 4-ші жұлдызында Маңғыстау облысы ІІД-не азамат «Д»-ның қала аумағында есірткі заттарды заңсыз өткізіп жүргені туралы хабарлама келіп түскен.
Тексеру барысында ақпарат расталған, яғни азамат «Д» 4,39 гр. Құрайтын кептірілген «марихуана» есірткі затын азамат «М»-ға заңсыз өткізген, сонымен қатар «Д»-ның мекен-жайына тінту жүргізу барысында 4,47 гр. құрайтын кептірілген «марихуана» есірткі заты анықталып, куәлердің қатысуымен тәркіленген.
Аталған дерек бойынша Ақтау қалалық ІІБ-мен азамат «Д»-ға қатысты жоғарыда аталған баптармен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оның қорытындысымен қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданған болатын».
-Ақтау қалалық сотының 26.06.2017 жылғы үкімімен сотталушы «Д» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 1-бөлігінде (есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау және есірткі заттарды заңсыз өткізу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 296-бабымен 50 айлық есептік көрсеткіш (113 450 теңге) мөлшерінде айыппұл салынып, ҚК-нің 297-бабымен жеке мүлкі тәркілене отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды, - дейді қалалық прокуратураның бөлім прокуроры С. Жұмағұлов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему