Маңғыстаулық құтқарушылар теңізде 2 балықшыны құтқарды
18 Сентября 2017 (20:14) | 1605 | Автор: Нурганым Имашева
2017 жылдың 17 қыркүйегінде 20 сағат 24 минутта Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Ақтау қаласының 1 шағын ауданындағы жағадан 1 шақырым жерде 2 балықшыны қайығымен ашық теңізге толқын алып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Кідірместен, құтқарушылар балықшыларға көмек көрсетуге кірісті, нәтижесінде 1961 және 1957 жылы туылған екі ер кісі құтқарылды.
Құтқарушылар балықшыларды тауып, аман-есен қайығымен толқындар арасынан шығарып алды. Құтқару жұмыстарына 1 дана техника «Сириус-20» жұмылдырылды.
-Аталған оқиға судағы қауіпсіздік техникасының сақталмағанынан болып отыр, адамдар теңізге қараңғы уақытта шыққан, -деп мәлімдеді бұл оқиға туралы біздің басылымға хабарлаған Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему