Бейнеудегі білім беру саласының жай-күйі қалай?
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 11:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бейнеудегі білім беру саласының жай-күйі қалай?

7 Апреля 2017 (15:59) | 2852 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Бейнеу ауданына жұмыс сапары барысында Бейнеу селосындағы 320 орындық «Күйкен» орта мектебімен және 80 орындық  «Болашақ» балабақшасымен танысты.

            Бүгінгі таңда Бейнеу ауданында 2441 бала тәрбиеленетін 23 мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі қызмет етеді. Балаларды 3 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі оқу және тәрбиелеумен қамту 91,1 пайызды құрайды. Бейнеу және Боранқұл селоларында  әрбіреуі 150 орындық балабақша салуға жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Бұл жобаларды мемлекеттік-жеке әріптестік механизмі арқылы іске асыру көзделіп отыр.

            Сондай-ақ, аймақ басшысы Бейнеу гимназиясының жұмысымен танысты.18 жыл білім беру қызметінде гимназия педагогтары 13 «Алтын белгі» иегерлерін дайындап шықты. Мектеп ғимаратында кабинеттер жаңа модификация бойынша жабдықталған, технология сыныптары, шеберхана, кітапхана, мультимедиялық кабинет, спорт және акт залдары, 24 орынға асхана бар.

-Оқушылардың білім сапасы жоғары деңгейде. Екі кезекте  барлығы 330 оқушы оқиды. Мектепке түсерде оқушылар емтихан тапсырады. Өткен жылы біздің түлегіміз «Алтын белгі» иегері атанды, ал екіншісі –ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды. Қазір біз 8 сыныпқа биология пәнін қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндеоқытуды - экперименталды бағдарламаны дайындауға және енгізуге кірісіп жатырмыз,- деді Бейнеу гимназиясының директоры Болат Досанов.

            Аудан бойынша 2 мектепте үштілдікке көшу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы 102 педагог 12 жылдық білім беру жүйесін енгізу аясында білім берудің мазмұнын жаңарту курстарынан өтті. Осы жылға 305 педагогты оқыту жоспарланып отыр. Ауданның барлық 26 мектебі кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген.

            -Бейнеу ауданының мектептері басқа аудандар үшін сапалы білім беру процесін дұрыс ұйымдастырылғанымен үлгі болуы тиіс. Үш тілді білім беру жүйесін енгізу жұмыстарын жалғастыру қажет. Сондай-ақ, физика, химия кабинеттерінің лабораториясы үшін жаңа құрал-жабдықтарсатып алуды тапсырамын, мектептердегі практикалық сабақтарды өткізуге жұмсалатын шығындар сметасын ұсынуды тапсырамын, - деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

            Ауданның білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі – Бейнеу политехникалық колледжінің типтік ғимаратының жоқтығы болып табылады. Колледж ғимараты 240 оқушыға арналған, бүгінде бұл жерде 586 адам оқып жатыр.

-Бізде 15 жұмысшы мамандығына және 11 орта буынды оқытуға лицензия бар. Біз темір жол көлігі,  авто көлікті пайдалану және қызмет көрсету, мұнай-газ саласы бойынша мамандар дайындаймыз. Қазіргі уақытта 586 студент 10 мамандық бойынша оқып жатыр. 482 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша, сыртқы бөлімде 80 адам, ақылы топта 24 студент оқиды, - деді Бейнеу политехникалық колледжінің директоры Нұрбол Бурин.

            Облыстық білім беру басқармасына политехникалық және гуманитарлық-экономикалық колледждерінің типтік ғимаратының жатақанасымен бірге жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауды тапсырамын. Бұл бірнеше мәселелерді шешеді. Біріншіден, басқа селолардан келіп оқитын балаларға жатақанада тұруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, босаған колледж ғимаратына үш ауысымды оқытуды болдырмау қаупін жою мақсатында орта мектептерді көшіруге мүмкіндік береді,- деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

            Осы күні аймақ басшысы аудандық орталық аурухана, жастар орталығы, нашар көретін және көзі көрмейтін тұрғындар үшін бөлек оқу залы бар электронды кітапхана жүйесіне көшкен кітапхана, музыкалық мектеп, Мұғалімдер үйі, Бейнеудің басты көрікті жері – жастар саябағына барды.

-Бейнеу селосында қазақстандықтардың бірлігі мен қонақжайлылықтың символы аққулар мен тайқазан секілді сәулет формалары орнатылған. Облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиеваға Ақтау қаласында осы сияқты ескерткіштерді орнатуға жобалар дайындауды тапсырамын, -деді Ералы Тоғжанов.

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему