Маңғыстаулық балуандар ҚР чемпионатында мықтылық танытуда
12 Сентября 2017 (12:06) | 1881 | Автор: Нурганым Имашева
Атырау қаласында 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан ҚР чемпионаты өтіп жатыр.
Жарыстың алғашқы күні маңғыстаулық балуандар, облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдошылары 66 келі салмақта Сұңғат Жұбатқан, 73 келі салмақта Руслан Мұсаев және 63 келі салмақта Ақниет Тұрдан алтыннан алқа тағып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Одан бөлек 60 келі салмақта Рамазан Мамаев пен 57 келі салмақта Камшат Қарасайқызы қола медальді жеңіп алды.
Облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобыланов:
-Жарыстың алғашқы күні көрсеткіштеріміз жаман емес. Боз кілемге шыққан 8 балуандарымыздың үшеуі алтын және екеуі қола медальдарды иеленді.
Жарыстың екінші күні +100 салмақта Ақылбек Айжарықов атты балуанымыз белдесетін болады. Жеңіс тұғырынан көрінеді деген сенімдеміз.
Жалпы, жарысқа еліміздің барлық өңірінен келген «мен мықты» деген балуандар қатысып жатыр,-деп мәлімдеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему