Үкіметтік емес ұйым жарнаманың сауатты жасақталуын насихаттайтын болады
11 Сентября 2017 (20:35) | 3069 | Автор: Нурганым Имашева
«Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ( «МОАА» ЗТБ) Маңғыстау облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының «Сыртқы жарнамалар мен көрнекі ақпараттарда Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңнама нормаларының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізу» жобасының жұмысын бастады.
ЗТБ «МОАА» Президенті Ахметова Жібектің мәлімдеуінше, «Жобаның мақсаты - жарнама мәдениетін дамыту, жарнама мәтіндері мен көрнекі ақпараттардың Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңнамасының сақталуына негіз болу және тіл саясаты саласында заңнамалық нормалардың сақталуына насихат жұмыстарын жүргізу.
Әлеуметтік жоба барысында келесі міндеттерді жүзеге асыру қарастырылады:
- ҚР заңнамасының міндеттерін түсіндіру;
- Сыртқы жарнама және көрнекі ақпараттарда кеткен қателерді жою және алдын алу үшін әдістемелік көмек көрсету;
- Жауапты қарым-қатынасты насихаттау, облыстағы жарнама және көрнекі ақпараттар бойынша белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру;
- Маңғыстау облысындағы сыртқы жарнама және көрнекі ақпараттардың сапа деңгейін зерттеу».
-Бүгінгі таңда сыртқы жарнама қоғамның мәдени санасын қалыптастырушы әлеуметтік ортаның ажырамас бөлігі. Әрбіріміз көшеге шыққан уақытта, сыртқы жарнама объектілерін міндетті түрде жолықтырамыз, жарнама маңдайшаларынан бастап, жұмыс, уақыт меңзеуші тақташалармен аяқталады.
Сонымен қатар, заманауи өнердің ерекше формасы ретінде, сыртқы жарнамалардың даму тенденциясы мен ерекшеліктерін зерттеудің қажеттілігі туындап отыр. Сыртқы жарнама тұрғындарға тек ақпарттық деңгейде әсер етіп қана қоймай, адами құндылықтардың қалыптасуына да кеңінен үлес қосады.
Алайда, өкінішке орай, жарнама нарығының қарқынды дамуына қарамастан, оның мазмұнына оң бағалау өте қиын, себебі сыртқы жарнамалардың мәтінен өте көптеген қателіктерді кездестіруге болады, - дейді ЗТБ «МОАА» Президенті Ахметова Жібек.
Үкіметтік емес ұйымның жоба үйлестірушісі Амангелдиева Мөлдір:
-Жоба аясында облыстық деңгейде сыртқы жарнамаларға және жарнама құрылғыларына фото-мониторинг, визуалды тексеру жүргізіледі. Аталған процесс барысында жарнама тақташаларындағы ақпаратқа (мәтіннің сауатты жасақталуына және заңнамаға сәйкес әрленуіне), макеттердің құрылымына және жарнама орналасқан орындарына талдау жүргізіледі.
Зерттеу нәтижесінде келіп түскен ақпартқа (орын алған қателерге) өңдеу жүргізіліп, талдау есебі жасақталады. Мониторингтің қорытынды нәтижесі ағымдағы жылдың соңында дайын болады» - деп атап өтті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему