Зауыттағы наурыз тойда баланың тұсауы кесілді
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 07:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Зауыттағы наурыз тойда баланың тұсауы кесілді

20 Марта 2017 (14:44) | 4119 | Автор: Мира Ботабекова

 

Қазақстанда минералды тыңайтқыштар дайындауда көш бастап тұрған Ақтаудағы «ҚазАзот» зауыты Ұлыстың ұлы күнін сән-салтанатымен атап өтті. Наурыз мерекесіне арналған шараны кәсіпорынның шаруашылығына жауапты бөлім қызметкерлері ұйымдастырды.

 

Бөлімдегі барлық қызметкерлер сәнді ұлттық киімдерін киіп, ақ жаулықтарын тағып келіп, мерекенің ажарын кіргізді. «ҚазАзот» ЖШС-нің бас директоры Кеңес Орақов зауыт ұжымын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

 

Зауыт ұжымы жыл сайын ұлтымыздың төл мерекесінде салт-дәстүрімізді насихаттап, әдет-ғұрыптарымыздыn көрсетіп келеді. Биыл шаруашылық бөлімінің қызметкерлері тұсау кесу ғұрпын көрсетті. Енді қаз-қаз тұра бастаған 1 жасар Мейіржанның тұсауы кесілді. Тұсау кесу құрметіне зауытқа сыйлы азамат, ішкі өндірістік бақылау департаментінің директоры Рахметов Жақсылық Базғылбайұлы ие болды. Біреудің ала жібін аттамасын, адал болсын, деген ниетпен кішкентай Мейіржанның тұсауы ала жіппен кесілді. Ата дәстүрімізге сай, тұсау кескен Жақсылық Базғылбайұлына шапан жабылды. Шашу шашылып, үлкендер Мейіржан Мақсатұлына ақ баталарын берді.

 

Тұсау кесу рәсімі думанды жиынға ұласты. Зауыт өнерпаздары да аянып қалмады, бар өнерін ортаға салды. Ән-жырдан шашу шашылды. Сонымен қатар, спорттық жарыстар мен білім сайыстары ұйымдастырылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Жұмысшылар үшін наурыз мерекесіне арналып мерекелік дастархан жайылды. Жиналғандарға наурыз көже таратылып, ұлттық тағамдардан дәм татты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему