Кеше Ақтауда қос мереке тойланды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 08:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кеше Ақтауда қос мереке тойланды

13 Августа 2017 (16:01) | 1956 | Автор: Нурганым Имашева

Кеше облыс орталығында қос мереке қатар атап өтілді: 12 тамыз – Халықаралық жастар күні және Каспий күні. Осы айтулы мерекеге орай Ақтауда түрлі мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен меймандарының назарына ұсынылды.

12 тамыз – Халықаралық жастар күні болып БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен 1999 жылдың 17 желтоқсанында бекітілген болатын. Ең алғаш рет Жастар күні 2000 жылдың 12 тамызында атап өтілді.

Мерекелік шара ретінде Ақтау қаласының тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат тұтқан веложарыс болып өтті. 4 шағын аудандағы «Каравелла» алаңынан басталған велошеру Ақтаудың орталық көшелерімен жүріп өтті.

Кешке теңіз жағалауындағы сахна төрінде мерекелік концерт ұйымдастырылып, бағдарламада жастар өнер көрсетті. Салтанатты жиынның басталуы кезінде құттықтау сөз сөйлеген Маңғыстау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Хажыгереев Мирлан Сақтағанұлы облыс жастарын мерекелерімен құттықтап, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етуге, білім алып, қоғамның белсенді мүшесі болумен қатар, еліміздің экономикасының дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.

-Біз бүгінгідей Тәуелсіздік салтанат құрған, жаңашылдығымыз қарыштап қанатын көкке жайған заманда алаңсыз өмір сүріп жатқан Тәуелсіз елдің жасампаз жастарымыз. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге талпынған жастарды нық сенім алға жетелейтін болады. Жарқын болашақ тек қана өзіміздің ғана қолымызда.

Қазақстанның әрбір төртінші тұрғыны-жастар. Қазақстан халқы -татулыққа ұйыған, жастары – жасампаздыққа ұмтылған ел. Барша халқымыздың ең басты құндылығы –Тәуелсіздік, сондықтан сол жетістігімізді көзіміздің қарашығындай етіп сақтау – біздің міндетіміз, парымыз.

Ынтымағы мен Бірлігі жарасқан еліміздің көк байрағы көкте желбірей берсін! Әрқашан еліміз жайнап, жарқырай берсін! Қазақстан жастарының бірлігі арта түссін! Маңғыстау жастары – алға! – деді Мирлан Сақтағанұлы.

Сонымен қатар қала тұрғындарын Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу Басқармасы басшының орынбасары Тоғжанов Орынбасар Әбдіұлы және «Эко Мангистау» ЖШС директоры Кирилл Осин Каспий күнімен құттықтады.

Мерекелік шараның аясында Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Маңғыстаудың атынан еріктілер ретінде барып, 1 ай бойына қызмет етумен өз үлестерін қосып қайтқан 50 ерікті жасқа Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс хаттары» табыс етілді.

Сонымен қатар, әрдайым қоғамдық істерде белсенділік танытып, өзгелерге үлгі болып жүрген бір топ белсенді жастар да марапатталды.

Салтанатты жиынның соңы мерекелік концертке жалғасып, ол кейін теңіз жағалауындғы мерекелік отшашуға ұласты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему