2017 ж. атаулы күндер күнтізбесі
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 07:01
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

2017 ж. атаулы күндер күнтізбесі

30 Января 2017 (18:42) | 7116 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бұл мәліметтерді газет оқырмандарының назарына Облыстық мемлекеттік архивінің мұрағаттанушысы Аяған Рамазанұлы Аманов ұсынады.

 

            Әр жылдың өз мерейтойлары және атаулы оқиғалары болады. Міне, ескі 2016 жыл тарих қойнауына кетіп, орнына келген Жаңа 2017 жылға қадам бастық. Өткен Мешін жылы еліміздің қоғамдық-саяси, рухани-әлеуметтік өмірінде көптеген елеулі оқиғалармен, ел есінде қалатындай көлемді іс-шаралармен ерекшеленіп, артта қалды. Өткен жылдың еліміз үшін ерекше мерейлі болған басты оқиғалары ішінен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, Парламент сайлауын, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының 30 жылдығы сияқты оқиғаларды атауға болады.

 

            Табалдырығымыздан енді ғана аттаған 2017 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды іс-шаралар мол болмақ. Елімізге мәртебелі міндет - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызмет жүктелді. Биылғы жылдың басында Алматыда қысқы Универсиаданың алауы жағылап, жазда Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, Елордада Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өткізіледі. Ал, Маңғыстау тарихындағы атап өтер атаулы күндерді еске түсіріп, тағзым етуге тұрарлықтай оқиғалардың күнтізбесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

Елбасының Жарлығымен 1997 ж. «31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып жарияланғанына 20 жыл толуы аясында саяси қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз шейіт болған азаматтардың есімдерін еске алудың ресми күніне айналып отыр.

 

 Өлкеміздегі алғашқы өнеркәсіп орындарының және әлеуметтік мекемелердің құрылуы, әртүрлі елімізге белгілі сала қызметкерлерінің мерейлі мерекелері.

 

 Төменде 2017 жылғы атап өтер атаулы күндер күнтізбесін назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

 

 

 

 2017 жылғы Маңғыстаудың атаулы күндерінің күнтізбесі

 

Күні

Оқиғаның

қысқаша сипаттамасы

Сілтемелер

 

Қаңтар

 

1 қаңтар

 

85 жыл бұрын (1932 ж.) Каспий мемлекеттік аң-балық өнеркәсіп тресі құрылды.

МОММ,  66- қор

2 қаңтар

 

Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, халыққа білім беру ісінің үздігі Орын Құлсариевтің туғанына 85 жыл (1932 ж.). 

МОММ, 475- қор

28 қаңтар

 

КСРО-ның құрметті мұнайшысы, Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мұнайшы, Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы Өтесінов Рахметтің туғанына 90 жыл (1927 ж.).

МОММ, 475- қор

қаңтар

 

50 жыл бұрын (1967 ж.) Химиялық-гидрометаллургия зауытының бірінші кезеңі пайдалануға берілді.

МОММ, 530- қор

қаңтар

 

50 жыл бұрын (1967 ж.) Каспий тау-кен комбинатының жөндеу-механикалық шеберханалары құрылды. 1970 жылдан бастап - жөндеу-механикалық зауыты, қазіргі уақытта - Каспий аумақтық машина жасау комбинаты.

МОММ, 530- қор

 

 

Ақпан

 

12 ақпан

 

КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы Маңғыстаулық Әмин Тұяқовтың туғанына 80 жыл (1937 ж.).

«Маңғыстау» энциклопедиясы.

Алматы, 1997;

Сегізбаев М. «Ауылымда ізі жатыр ұлылардың» Алматы, 2009

23 ақпан

 

КСРО Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты, «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің бас директоры болған Бекбосынов Нұрлыхан Өтеуұлының туғанына 80 жыл (1937 ж.).

МОММ, 175- қор

24 ақпан

 

45 жыл бұрын Шевченко қаласында алғашқы радиохабарлама берілді (1972 ж.).

МОММ, 340- қор

ақпан

 

50 жыл бұрын «Маңғышлақмұнайгеофизика» тресі құрылды (1967 ж.).

МОММ, 137- қор

 

Наурыз

 

1 наурыз

 

45 жыл бұрын (1972 ж.) Каспий аймақтық тау-кен комбинаты тұрмыстық-коммуналдық басқармасының көгалдандыру цехы құрылды.

МОММ, 530- қор

 

Сәуір

 

8 сәуір

 

60 жыл бұрын «Маңғышлақмұнайгазбарлау» тресі құрылды (1957 ж.).

МОММ, 156- қор

22 сәуір

 

Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің профессоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы Құрбан Аманиязовтың туғанына 85 жыл (1932 ж.).

МОММ, 175- қор

 

Мамыр

 

1 мамыр

 

85 жыл бұрын (1932 ж.) Форт-Александровск (қазіргі Форт-Шевченко) қаласында Т.Г.Шевченко мемориалды мұражайы ашылды.

«Культурное строительство на Мангышлаке» Сборник док. Актау, 1996

7 мамыр

25 жыл бұрын (1992 жылы) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды.

БАҚ материалдары

10 мамыр

 

Социалистік Еңбек Ері, «Маңғышлақбалықтоңазытуфлоты» басқармасының балық аулау кемесінің капитаны Оразбаев Ізтұрғанның туғанына 100 жыл (1917 ж.).

 МОММ, 154- қор

10 мамыр

Ақтау қаласының құрметті азаматы, құрылыс саласының ардагері Ляшенко Николай Федоровичтің туғанына 80 жыл (1937 ж.).

МОММ, 179- қор

31 мамыр

20 жыл бұрын (1997 жылы 05 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 31 мамыр) саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп бекітілді.

«Маңғыстаудың азалы жылдары»

Алматы 2007 ж.

 

Маусым

 

маусым

 

90 жыл бұрын (1927 ж.) Маңғышлақта Қызыл армия және жұмысшы, шаруа Кеңесінің депутаттығына алғашқы сайлау өткізілді.

МОММ, қ. 276

 

Шілде

 

1 шілде

 

50 жыл бұрын (1967 ж.) Шевченко қаласында «Огни Мангышлака», қазіргі облыстық «Огни Мангистау» газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты.

МОММ, 172- қор

6 шілде

 

25 жыл бұрын (1992 ж.) Маңғыстау облысының батысында орталығы Форт-Шевченко қаласы болып Түпқараған ауданы құрылды.

МОММ, 330- қор

25 шілде

 

95 жыл бұрын (1922 ж.) Форт-Александровскіде Урицкий атындағы пионер ұйымы құрылды.

МОММ, 27п- қор

шілде

25 жыл бұрын (1992 ж.) «Ақтау» Халықаралық теңіз транспорт компаниясы құрылды, оның құрылуы Қазақстан Республикасында теңіз сауда флотының ашылуына жол ашты.

«Летопись г. Актау, 1963-2003»  Алматы, 2003

 

Тамыз

 

19 тамыз

 

45 жыл бұрын (1972 ж.) Шевченко қаласында №194 қалалық кәсіптік-техникалық училищесі құрылды. (қазіргі Маңғыстау энергетика колледжі).

МОММ, 472- қор

 

Қыркүйек

 

8 қыркүйек

45 жыл бұрын (1972 ж.) Шевченко қаласы әуежайында алғашқы рет Ил-18 жолаушылар лайнері қонды.

«Летопись г. Актау, 1963-2003»   Алматы, 2003

15 қыркүйек

 

90 жыл бұрын (1927 ж.) Жұмысшы, шаруа және қызылармия депутаттары Адай округтік Кеңесінің І съезі өткізілді.

МОММ, 276- қор

27 қыркүйек

Социалистік Еңбек Ері, 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагері Савин Петр Григорьевичтің туғанына 95 жыл (1922 ж.)

МОММ, 154- қор

қыркүйек

 

30 жыл бұрын (1987 ж.) алғаш рет Шевченко қаласында «Каспий – достық теңізі» халықаралық жастар фестивалі өткізілді.

«Летопись г. Актау, 1963-2003»     Алматы, 2003

 

Қазан

 

15 қазан

 

Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген еңбеккері Қорбақов Таушанның туғанына 95 жыл (1922 ж.).

МОММ, 174- қор

20 қазан

 

Қазақстан Коммунистік партиясы Маңғышлақ облыстық комитетінің бірінші хатшысы, төрт рет Еңбек Қызыл Ту және екі рет Құрмет Белгісі ордендерінің иегері, Ақтау қаласының құрметті азаматы Мұқашев Саламат Мұқашұлының туғанына 90 жыл (1927 ж.).

МОММ,  154 - қор

24 қазан

 

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, маңғыстаулық ақын, журналист Гүлжаухар Сейітжанқызы 70 жаста (1947 ж.).

«Летопись г. Актау, 1963-2003»      Алматы, 2003

26 қазан

 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің бас директоры Тимонин Виталий Иосифовичтің туғанына 90 жыл (1927 ж.).

МОММ, 175- қор

 

Қараша

 

24 қараша

 

Социалистік Еңбек Ері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, Шевченко қаласының құрметті азаматы, Маңғыстаудағы Каспий аймақтық тау-кен комбинатының алғашқы директоры Григорян Рубен Арамаисовичтің туғанына 100 жыл (1917 ж.).

МОММ, 154- қор

24 қараша

 

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, партия, кеңес қызметкері Ережепов Қайролла Жеткізгенұлы 70 жаста (1947 ж.).

МОММ, 175- қор

29 қараша

45 жыл бұрын (1972 ж.) Шевченко қаласында әлемде алғашқы рет шапшаң нейтронды БН-350 реакторының физикалық  іске қосылуы сәтті жүргізілді.

МОММ, 506- қор

Тарихи анықтама

 

Желтоқсан

 

12 желтоқсан

 

Маңғыстаудағы белгілі партия, кеңес қызметкері, 1930-1940 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған Қилыбаев Байбоздың туғанына 120 жыл (1897 ж.).

МОММ, 175- қор

20 желтоқсан

Еліміздің мұнай ісінің үздігі, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры, Маңғыстау облысының аткомның төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Қаз ССР-нің Жоғары Кеңес депутаты, Ақтау қаласының құрметті азаматы Марабаев Нәсіпқали Әбуғалиұлының туғанына 80 жыл (1937).

МОММ, 3п, 330- қорлар

25 желтоқсан

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, профессор, медицина ғылымдарының докторы, оташы, маңғыстаулық Намаз Ізімбергеновтың туғанына 80 жыл (1937 ж.).

МОММ, 475- қор

 

2017 жылдың айы мен күндері анықталмаған атаулы оқиғалар

 

1857 жыл

Маңғыстаулық әнші-сазгер, шебер-зергер, «Ақбөбек» әнінің авторы Қайып Қорабайұлының туғанына 160 жыл.

«Маңғыстау» энциклопедиясы,  Алматы, 1997

1882 жыл

Халық емшісі және ағартушы, инженер-геолог, маңғыстаулық ғалым Оразмағанбет Тұрмағанбетұлының туғанына 135 жыл.

МОММ, 175- қор

1887 жыл

Көрнекті мемлекеттік қызметкер, 1920 жж. Маңғыстауда кеңес үкіметін орнатудағы белгілі күрескер Нұрсұлтан Оңғалбаевтың туғанына 130 жыл.

МОММ, 214- қор

1892 жыл

Қазақстанның көрнекті мемлекеттік қайраткері, Маңғыстауда кеңес үкіметін орнатудағы белсенді күрескер Жалау Мыңбаевтың туғанына 125 жыл.

МОММ, 214, 235- қорлар

1892 жыл

Қазақтың әскери-эскадрон полкінің алғашқы командирі, Маңғыстаудан шыққан алғашқы әскери комиссар Төлесін Әлиевтің туғанына 125 жыл.

МОММ, 214- қор

1922 жыл

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры, маңғыстаулық Жұмағали Қалдықараевтың туғанына 95 жыл.

«Боздақтар» Алматы, 2003; «Тағзым»

Алматы, 2005

1927 жыл

«Маңғыстаумұнайгазбарлау» экспедициясының тұңғыш бұрғылаушысы, мұнайшы, Жетібай кен орнын алғашқы ашушыларының бірі Тасмұратов Нұржаудың туғанына 90 жыл.

 МОММ, 542- қор

1932 жыл

Ленин, Октябрь революциясы ордендерінің иегері, Өзен геология-барлау экспедициясының бұрғылау шебері Ғазиз Әбдіразақовтың туғанына 85 жыл.

МОММ, 174- қор

1937 жыл

Жоғары дәрежедегі неврапотолог-дәрігер, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Есманова Мензипа Ишмухановнаның туғанына 80 жыл.

МОММ, 475- қор

1972 жыл

45 жыл бұрын «Маңғышлақ газөндіру басқармасы» құрылды.

МОММ, 176- қор

1977 жыл

40 жыл бұрын Шевченко қаласының архитектурасы үшін инженер, архитекторлар және құрылысшылар тобы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

«Жемчужина Каспия»

Алматы, 2003

1992 жылы

25 жыл бұрын Маңғыстау облысында бірнеше ұлттық-мәдени орталықтар ашылды: татар халқының «Булгар», азербайжан халқының «Достлуг», корей халқының «Чэсэнь», армян халқының «Ехпайрутюн», шешен-ингуш халқының «Вайнах», лезгин халқының «Самур» орталықтары ашылды.

МОММ, 330, 357п- қорлар

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему