Билік өкіліне күш қолданған азамат сотталды
23 Июля 2017 (13:48) | 1830 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «23.03.2017 жылы сағат 12:00 шамасында, «А» есімді азамат алкогольдік масаң күйде өзінің ажырасқан «Б» есімді жұбайына күш қолданып, тұрғын үйдің терезесін сындырып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.
Осыған байланысты, Жергілікті полиция қызметінің «Н» және «О» учаскелік полиция инспекторлары оқиға болған жерге келіп, болған мән-жайды сұрастырып тұрған уақытта, «А» есімді азамат учаскелік полиция инспекторына жабысып, жерге құлатып, үстіндегі формалық шалбарын жыртып, бірнеше рет соққы беріп дене жарақатын салған.
Осы оқиға, Ақтау қалалық ІІБ-ның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық іс негізінен қарау үшін сотқа жолданды».
-Ақтау қалалық сотының 24.05.2017ж. үкімімен «А» есімді азамат ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеуге белгіленген.
Осылайша, «А» есімді тұлға билік өкiлiнің өз лауазымдық мiндеттерiн атқару кезінде оған қатысты өмiрiне және денсаулығына қауiпті емес күш қолдану қатерін төндіргендіктен бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Ақтау қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему